Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны


Когнитивтік психологияның зерттеу нысанын білімнің құрылымы мен адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзіне көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.

Когнитивтік психология («тіл білімінде психологизм» туралы) дегеніміз – адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың еске сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.

Когнитивтік психология мен когнитивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады ішкі сөздік қор сөйлеу, әрекетін туғызу мен қабылдау.