Когнитивтік антропологияның зерттеу нысаны


Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ең өзекті мәселесіне айналды. Қазіргі тіл білімінде негізгі ұстанымдардың бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм ұстанымы ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады.

Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты.