Когнитивтік семантиканың негізгі мәселелері


Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады.

Сонымен тілдік құрылымдарды зерттеуде шешуші мәселе – бұл шетел лингвистикасындағы жаңа семантикалық бағыт болып табылатын – «когнитивтік семантиканың» пайда болуы. Когнитивтік семантика – бұл толық семантикалық мағынаның ситуацияны қабылдаудың нақтылық деңгейі, фондық болжаулар мен белгілі бір көрініске қатысты нақты бірліктерді таңдау және ойды (пікірді) таңдау. Когнитивтік лингвистикадағы сөз мағынасымен семосиологиядағы сөз мағынаны ажыратудың қазіргі тіл білімі үшін маңызы зор. Когинивтік лингвистикада мағына семосиологиядағыдай сөз мазмұны ретінде көрінбейді. Когнитивтік семантикада мағына когнитивтік модельдің ерекше «қорытындысы» ретінде көрінеді.