Когнитивизм ғылыми бағытының алғашқы нышандары


Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.

Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсететін құрал.

Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм  ғылымымен тікелей байланысты .Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді.