Когнитивтік лингвистиканың когнитологияның құрамында, оның жеке ғылым саласы ретінде дамуы


Когнитивистика – адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы. Бұл термин ғылымдар бірлестігіне қатысты, әрі жалпы термин, өзіне бұрын-соңды салыстырылмаған, оның ішінде когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект теориясы, математика мен нейропсихологияның зерттеу қырларын енгізеді.

Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым.

Когнитивизм қағидасын ғылыми негіздеп, нақты тілдік деректер арқылы дәлелдеуге когнитивтік лингвистика, когнитивтік психология, мәдени антропология, жасанды интеллектінің модельденуі, философия, нейрология салалары негіз бола алады.

Қазіргі таңда білімге сүйеніп әрекет ету, тану, оны сақтау, іздеу, өңдеу сияқты компьютерге сүйенген өзекті міндеттерді, ғылымның алға қойған басты мәселелерін инновациялық технологияны жетілдіру арқылы шешуде когнитологияның мәні ерекше.