Концепт және оның түрлері


Концепт санада танылу деңгейіне қарай бірнеше топқа бөлінеді: Олар: метафизикалық (жан, өлім), ұлттық мәдени концепт (жусан, домбыра, баспалдақ), эмоционалды концептілер (қуаныш, қайғы, бақыт).

Концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады.

Концепт түрлері поэтикалық мәтіндегі тілдік көрінісіне қарай фрейм – қарапайым форма, скрипт – күрделі форма, сценарий – оқиғалы форма, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма деп танылды.

Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын схемаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стреотиптік таңбалар арқылы көрініс табады.

Схема­(сызба) – когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі. Бұл  жинақталған  кеңістік –графикалық  немесе  сызықтың  бейнелер  түрінде  көрініс  беретін   тұжырым.

Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Даму  мен  қозғалыстан  тұратын бірнеше  оқиғалардың(эпизодтардың) тізбегі, уақыт пен кеңістікте таралатын кезеңдер мен оқиғалар ауысымының көріністері, аса күрделі бөлінбейтін бөлшектер.

Скрипт – концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. Скрипт  көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы немесе басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады.

Ойсурет – концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады.

Гештальттер - бұл  көпқұрылымды, бүтіндей  функционалды  саналық  құрылым. Гештальт  сезімдік  және  рационалды  элементтерді  топтастыратын  бүтіндей  бейнелердің көрінісі. Қазақ  тіл  білімінде  ғалым Қ.Жаманбаева:  «Гешальт - образ, форма»,-деп  көрсетсе, ғалым Б.Хасанұлы «Гештальттер - бұлар  сценарийлер, фреймдер, нобайлар, көріністер  белгілерінің  тіркесі»,-деп  сипаттайды.