Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан қарастыру


Қазіргі кезде қазақ терминдерін аталымдау мен функциялауда адамның танымдық және ментальдық қызметі (когниция) лингвистикалық зерттеу пәні болып қалыптаса қойған жоқ.

Дүниедегі заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ болуымен қатар, әр халық сол заттар мен  құбылыстарды өз мәдениетіне, танымына болымысына қарай ыңғайлап, өзінің таным – түсінігінің деңгейі мен тану мүмкіндігіне сәйкес атау береді. Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану үшін оның теориялық негізін  қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор. Терминдер ұлттың, халықтың тәжірибесін,қоғамдағы адамдардың бір – бірімен байланысын,  шаруашылығын, рухани, метериалды мәдениетін т.б. концептуалдық ғылым кешенін де өз бойына жинақтайды.