Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі мен терминнің концептуалды құрылымы


Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер тәжірибесінде өзектеліп, осы саланың ғылыми терминологиясының жүйесі ретінде анықталған, қалыптасқан когнитивтік лингвистиканың тірек терминдері: сана, зерде, ой, білім, концептуалдану, концептуалдық жүйе, когниция, дүниенің тілдік бейнесі, когнитивтік қор, ментальды репрезентация (ішкі таным), когнитивтік модель, категориялану, вербалдану, ментальдылық, мәдениеттің тұрақтылығы,концепт, дүние бейнесі, концептосфера, ұлттық мәдени кеңістік т.б. Аталған ұғымдардың әрқайсысы когнитивтік әрекеттер мен адамның білім алу және белгілі бір шешімге келуіне тікелей қызмет етеді.

Терминдердің концептуалдық құрылымын анықтауда ұғым мен мазмұн мәселесінің маңызы зор. Себебі терминнің концептуалды құрылымы дегеніміз – белгілі бір ұғымдық сала иелерінің коммуникативтік байланысын қамтамасыз ететін референциялардың инвариантты жүйесі, концептуалды құрылымды тіл жүйелері мен арнайы ұғымдар арасын байланыстыратын негізгі буын деп қарастыруға болады.