Тіл бірліктеріндегі «ғаламның мифтік бейнесі»


«Ғаламның мифтік моделі» мифологиялық ілімдер жүйесінің көрсеткіші болғандықтан, ол белгілі бір когнитивтік аспектіге ие дүниенің осы күнгі көрінісі – жер беті, аспан шырақтары, аңдар мен құстардың, өсімдіктердің түрлері, адамдардың өмір салты, әлеуметтік топтар, діни қағидалар, яғни өмірдегі барлық нәрсенің қазіргі күй-жайы – мифтік таным бойынша о баста болған оқиғалардың нәтижесі. Ғаламның мифологиялық қабаттары жайындағы түсінігі, әсіресе, тұрақты сөз орамдарында сақталған.