Фразеологизмдердің этномәдени негізі


Тұрақты сөз тіркестерінің туып, дамып, қалыптасуына әр ұлттың өзіне ғана тән қоршаған ортасының, климаттық ерекшелігі, күнделікті қолданатын тұрмыс құралдарының, азық-түлік, діни нанымдардың, саяси-экономикалық өзгерістердің тікелей әсері бар. Керек десеңіз, қандай да бір ұлт туралы хабары жоқ адам сол ұлт тіліндегі фразеологиялық тіркестер сөздігін ақтарып қарап, ол ұлттың болмысынан, дүниетанымы, нені қастерлеп, не нәрседен жиренетінінен, діни ырым-жырымынан, халық даналығынан, бастан кешірген тарихи оқиғалардан, тіпті, жер-су аттарынан хабардар болады.

Фразеологиялық жүйе мәселесі лингвистикалық тұрғыдан тілдік таңба ретінде ұлт мәдениетімен сабақтас жүйеде қарастырылады. Халықтың дүниені танып білуі, өзі өмір сүріп отырғын ақиқат дүниеге деген көзқарасы күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі, шаруашылығы мен кәсіби қызметіндегі тәжірибеге негізделген. Бұрынғы тұрмыстағы адам ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жасалған сан алуан заттар, бұйымдар, құбылыстар халқымыздың этнографиялық мұрасы болып табылады.

Тілдің этномәдени негізі – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп,қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиет.

Тіл тағдыры ұрпақ тағдырымен сабақтас. Өйткені әр халық өз ана тілін тек ұрпақтарының жетістігімен ғана өзгеге танытады. Тілдің этномәдени негізі – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп,қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиет.