2.3. Жұмағали Саинның өмірі мен шығармашылығы (жалғасы)


Өмірінің соңғы кезеңінде Ж.Саин «Азамат» атты поэма жазумен шұғылданды. Бірақ поэма аяқталмай қалды.  Поэманың жазылып біткен тарауларында ақынның лирикалық ой толғаулары жиі ұшырасады. Мұндай шумақтардан оның өмірге, өнерге деген көзқарасы, творчество жайындағы ойлары сезіледі. Ақынның өз поэмасы жайында да бірталаай өрелі ой айтады.Поэмада гуманизм сарыны философиялық топшылаулар бар. Онда эпикалық кең серпінге ұмтылумен бірге лирикалық сыршылдыққа берілуде күшті. Поэмада Ж.Саинның авторлық тенденциясыда, ақындық кредосыда тәуір аңғарылады. Ақын осы жағдайлардың барлығын да өрбіте, тереңдетіп әкетуге оларға көркем де реалистік шешім табуы тиіс те еді. Бірақ мезгілсіз ажал ақынның мұндай ойларының жүзеге асуына бөгет жасады, поэма аяқталмай қалды.

        Жалынды ақын өмірінің кейінгі кезінде де, денсаулығының нашарлығына қарамастан,  бүгінгі  өмірді, шындыққты жырлаған көптеген лирикалық өлең – толғаулар, толып жатқан публицистикалық мақалалар жазды.

        1953 жылы Лермонтовтың «Біздің заманың геройы» атты әйгілі шығармасын, қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген таруларын Ж.Саин қазақ тіліне аударады. Өмірінің кейінгі жылдары прозалық шығармалар жазумен шұғылданады. «Ұмытылмас күндер» атты әңгіме, «Жол үстінде» повесін жазды. Повестің жекелеген тарулары алғаш «Жұлдыз» журналында және «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланды. Ал 1961 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Повесте қазақ революциясының алдында және азамат соғыс жылдарында  болған оқиғалар суреттеледі. Жазушы солардың бәрін кейіпкерлердің атынан берілген баяндаулар арқылы суреттейді. Онда әсіресе лирикалық саз өте күшті сезілді. «Жол үстінде» повесінде дәуір сипаты, адам бейнелері шындық шеңберінде, көркемдік жағынан нанаымды суреттелді. Проза жанрында бұрын көп тәжірибесі болмасада Ж.Саин бұл повесі арқылы өзінің прозашылық талантын, баяндау шеберлігін, суреттеу ұсталығын жақсы танытты.

        Ж.Саинның «Өмір туралы дастан», «Зор ынтымақ», «Құнарлы күз», «Көктем сәулеті», «Менің республикам», «Жас өлке», «Гүлденіп жайнай бер» тәрізді очерктерімен публистикалық мақаларында жазушы еңбек адамдарының қажырлы еңбегін бейнелі тілмен көрсете алды.

        Ж.Саин қазақ әдебиеті мен көркем өнерін дамыту ісіне белсене қатысты. Оның табыстарына қуана, кемшіліктеріне сын көзбен қынжыла қарайтын батыл сыншыда болды.

        Ж.Саин барлық  кезде ылғи дамылсыз қызмет істеумен жазумен шұғылданады. 1961 жылы жеке кітап болып шыққан «Жол үстінде» атты повесін, көптеген очерк, әңгіме мақалаларын ол қатты сырқат кезінде жазады. Ол «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторлық қызметін ауырып жүріп істейді. Ақын өзінің қара басының мақсатынан халық мүддесін жоғары санайды. Жалынды патриот, жарқын жанды, мейілінше әділ, адал жүректі, еңбек сүйгіш азамат, қазақ халқының көрнекті ақыны болды.  Оның  өмірі – Отанға деген сүйіспеншіліктің, халықтың ісіне деген берілгендіктің, адамгершіліктің абзал сапаларының  тамаша үлгісі еді.