4.2. С. Мәуленовтың өмірі, шығармашылығы


Өздік жұмысының мақсаты: Мәуленовтың ақындығы – қазақ поэзиясының жарқын беттерінің бірі екендігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: С.Мәуленовтің өміріне тоқталып барып шығармашылығына келу керек.

С.Мәуленовтің 1952жылы жарық көрген «Магниттаудың оттары» жинағына негізінен 1949-1951 жылдары жазған өлеңдері енген. Гейнеден алынған екі өлеңнен басқасының бәрінде «кезеңнің келбеті» сезіледі.

С.Мәуленов жырлары тарих сабағын өзгеше түсінуден, отаншылдық сезімнің байлығынан, табиғатпен туыстықтан тұрады. Ол адам мен табиғаттың құпия сырына көбірек үңіледі, екеуінің ылғи тілдесіп жүргенін көреді. Оған тау желімен, тал жапырағымен, көл көбігімен, жер егінімен тіл қатады. Адам биіктігін ұғу үшін ақын жердің кеңдігін, теңіздің тереңдігін, таудың өрлігін іздейді соған көңіл аударыңыз.

Сырбайдың ақындық шеберлігінің кемеліне келіп, өлең өнерін еркін меңгергені оның суреткерлігінен танылады. Оның өлеңдері сиқырлы суретке бай келеді. Ол өмірді жарқын түстерден таниды. Әр түстен өзінше көрік іздейді. Сол түстерді ойнатып, неше түрлі бояумен құбылтады. Ақ түсті ол адалдықтың, ақ пейілдің, тазалықтың символы тұтады.Осыған мысалдар келтіріп талдаңыз.