4.7. М.Әуезовтің ғылыми зерттеу еңбектері


Өздік жұмысының мақсаты: М.Әуезовтің әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерінің өз алдына бір үлкен арна екендігін түсіндіру.

Әдістемелік нұсқау: М.Әуезовтің халық ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы саласындағы зерттеу еңбектері. М.Әуезов және абайтану мәселелері. М.Әуезовтің әлем халықтары әдебиеті туралы ойлары, қаламгер еңбектерінде жазушылық, шеберлік проблемаларының пайымдалуы. М.Әуезов абайтануды дербес ғылым саласы деңгейіне көтерді,негізін салды,зерттеу бағыт бағдарларын,принциптерін анықтады,абайтанудың жүйелі,біртұтас ғылыми тұжырымдамасын жасады.

М.Әуезовтің 1927 жылы жазған «Әдебиет тарихы» кітабы тұңғыш зерттеу еңбегі.Ғалым –жазушының қазақ фольклорының ертегі,эпостық жырлар, ақындар айтысы, т.б. жанрлар туралы зерттеулері бар.Сол сияқты қазақ және орыс тілдерінде қатар 1959 жылы жазған «Әр жылдар ойлары», «Абай Құнанбаев», «Уақыт және әдебиет» атты зерттеу еңбектері бар соны қарап шығыңыз.