4.13. С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері


Өздік жұмысының мақсаты: С.Мұқановтың ғалымдық қырларын таныту.

Әдістемелік нұсқау: С.Мұқанов–қазақ әдебиетінің тарихында сыншы, әдебиет зерттеушісі ретінде де танымал. Қазақ әдебиетінің тарихына қатысты деректерді мол жинап, алғаш сол тарихты жазған кісілердің бірі.

Сәбит Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер,шешендер», «Абай – халық ақыны», «Абайдың ақындық мектебі», «Менің қателерім қандай» «Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очерктер», «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті», «Айтыс», «Сынға сын», «Жікшілдік туралы», «Мен қалай жазып келемін», «Халық мұрасы» «Жарқын жұлдыздар», «Қазақ қауымы»,т.б. мақалалар мен зерттеу еңбектері мен оқулықтары бар.