4.14. Ғ.Мұстафиннің«Шығанақ» романы


Өздік жұмысының мақсаты: Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейне екендігін таныту.

Әдістемелік нұсқау: Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романы 1945 жылы басылды. «Шығанақ» романы – өз дәуірінің тәуір шығармалары қатарында бағаланған. «Шығанақ» романы өмірде болған нақты адам мен оның еңбегі жайлы деректі материалдарға сүйеніп жазылған. Роман Ұлы Отан соғысы кезінде жанқиярлық еңбек етіп, тарының гектарынан 1232 пұт өнім алып, дүние жүзінде болмаған рекорд жасаған Шығанақ Берсиев жайлы.

Романға негіз болған Шығанақтың Отан соғысы кезінде әлемдік рекорд жасауы және шығарманың сол тұста жазылуы – тылдағы еңбеккерлердің жанқиярлық еңбегінің соғыс, жеңіс мүддесіне арналуы әсерлі суреттелген.

Қазақ халқы өмірінің жаңа кезеңдерінің шындығын тануға ұмтылыс жасаған бұл шығармалар көркемдік ізденістері жағынан да, өмірді тақырыптық қамтуы жағынан да әр қилы болатындығына назар аударыңыз. Ғ.Мұстафин- Шығармалар. Бес томдық. 1 том, 1981,82 б. еңбегін қараңыз.