6.3. Ж.Сайнның «Түн қатады партизан» өлеңі


Қаңтар күйі қарт боран,

Жынданады айғай сап,

Аш арыстан сымбатты

Азу тісі сықылдап.

Абыржымай ақырын

Теңселеді қара орман.

Мұздай темір құрсанып

Түн қатады партизан

Түн қатады партизан

Қар құшады, мұз жайлап

Қалтырамас біреуі

Кәрін қылсаң да ойбайлап.

Қатал, қайсар жүрегі

Қайтпас боран кәрінен,

Қымбат елдің налысы

Партизанға бәрінен.

Жүрегінде тулаған

Намысы бар, ары бар,

Жауда қалған елі бар,

Қайғысы бар, зары бар.

Қан жас аққан көзінен

Ыза менен мұң батып,

Қатын, бала кегі үшін

 Жүрген жандар түн қатып.

Ауыр қолы бұлардың,

Қарулары алмастан.

Қалтырайды фашистер

Маңайына бармастан.

Қатал, қатал партизан!

Қаңтардан да алды тар,

Қатал бол деп үйреткен

Туған бала сүйген жар.

Бұрқылда боран жындана!

Кең даланы қар бассын.

Кегін алсын партизан,

Фашистерді қан бассын!

Қара орманды жайқалтып,

Кәрі еменнің басын и!

Қан жорықтан оралып

Партизандар тартсын сый.