6.5. М.Ғабдуллиннің «Ерлікке баулу тәрбиеден» новелласынан достық хақында айтқаны не үлкенді сыйлау немесе ізеттілік туралы айтқаны


Достық хақында.

Советтік Шығыс халықтарынан шыққан жауынгерлерде достық,сыйластық, әдептілік өте күшті дамыған. «Досым үшін өмірімді қиямын,жақсы дос ағамнан дааяулы», - деп грузиндер айтады.

Орта Азия халықтарының ауыз әдебиетінде мынандай тамаша аңыз бар.

Бірде бір топ жігіттер жорық үстінде аса қиын,ауыр жағдайға душар болады. Соның арасынан бір жас жайнақ қайратына мініп гүрілдеп «Мен осы ұрыста жекпе –жекке шығып, жалғыз дара соғысамын», - деп сөйлепті. Сонда кәнігі, тәжірибелі батыр әлгі жас қыранға бір бау шыбық беріп: «Сындыр», -деп бұйырады. Бірақ сындырып тастауға әлі жетпейді. Сонан соң бір тал шыбықты ұсынады. Ол шыбықтың быт-шытын шығарып қиратады.Батыр айтады: «Міне, біздер де осындаймыз. Жекпе-жекке шықсақ, жау бізді жайратып жеңеді, ал біріксек, күш қоссақ,  мыңға татимыз, жеңіске жетеміз».

Бар күшпен, бар қуат-құдіретпен, батыл әрі шапшаң қимыл жасап, дұшпанды талқандау, біріне-бірі көмегін көрсету,қарулас достарды құрметтеу әрі сыйлап сүю, сын үстінде, жортуылда досты сақтау, хауіп-қатерлерге тәуекелдеп қарсы бару ерге тән ептілік пен ерлік жасау-әр жауынгердің қасиетті борышы, басты мақсаты.

Бір ұрыста взвод командирі кіші лейтенант Иосиф Гадько ауыр жараланды. Оған жедел  жәрдем көрсетіп әрі майдан даласынан алып шығу қажет болды. Жау оғы қарша борап тұр еді. Үш жауынгер жаралы офицерге еңбектеп алға ұмтылып еді, бірақ жете алмады. Үшеудің біреуі оққа ұшты, екеуі жараланды. Осы сәтте командирді құтқару үшін Иманбеков жолдас тәуекелге бел буды. «Гадько – менің орыс досым. Оны өлімнен, жау қолынан арашалау- менің қасиетті борышым», - деді ол.

Иманбеков жолдас Гадькоға жетіп, оған көмек көрсетті, түтеген от ішінен арқалап алып келе жатқанда, оған үш рет оқ тиді. Намысты жігіттің нар күші бар емес пе. Офицерді бақытсыздықтан құтқарып, өмірін сақтап қалды.

 

                                    Үлкенді сыйлау немесе ізеттілік.

Советтік Шығыс елдерінде-меймандостық,қонақжайлылық күшті өріс алған, әсіресе, үлкенді қабылдау, күту. Айталық, жауынгерлердің блиндажына жолдасы келсе, оның жасы не дәрежесі үлкен болса, үй иесі аяғының ұшымен жүріп қызмет етеді. Мұндай жауынгерді барлығы сыйлайды, айтқан сөзін ұйып тыңдайды.

Ұлттық ерекшеліктерді нәзік түсінетін командир бауырлас ұлттардың арасында үгіт жұмысын жүргізгенде жасы үлкенін тыңдап алып, үгітші етеді. Ұлты қырғыз,  жасы ұлғайған қатардағы Байжақовтың жұмыс тәжірибесі үлгі аларлық.

Ол былай деп әңгімелейді:

-Егер мен жауынгерлерге барсам, олар мені ұлттық дәстүр бойынша, жылы қабақ,  кең пейіл көрсетіп қабылдайды.  Әңгімемді байыппен,  зейін қоя тыңдайды. Мен олармен қарапайым, жеңіл, солдат тілімен сөйлесемін. Олардың көңіл-күйлері маған белгілі. Нақты айтсам, бауырлас ұлттардан шыққан көптеген жауынгерлер сыр-сезімін командирлеріне ақтарып айтпайды,ұялшақ, тұйық, сыпайыгершілік басым, сондықтан олар уайымшылдыққа салынып та жүреді. Бір күні қазақ жауынгері  Ибраевпен кездестім. Көңілі сынық, жабырқау екен. – «Аурасың ба?» , - деп сұрадым. «Денім сау» , - деп айтты. «Не қайғырып жүргенің» , - дедім. Сөйтсем үйінен хат алған, онда ең кіші сүйікті інісінің ұрыста қаза тапқаны туралы хабарланған. Халықтың әдет-ғұрпы бойынша жұмсақ, жылы, мейірімді сөздермен көңіл айттым. Ибраев ынтамен тыңдады. «Өз командиріңе айттың ба?» «Жоқ». «Енді не ойлайсың?» Ибраев ештеңе деп тіс жарған жоқ.

Сонда былай деп айттым:

-Інің үшін жаудан өш алу керек.

-Мен де солай ойлаймын. Қалай істеуім қажет? Майданға жақында ғана келдім. Ұрысқа кіргенім жоқ. Әскер қатарында болған емеспін.

Мен оған соғыс өнеріне ден қоюды,үздік мерген болуды, інісінің өлімі үшін ондаған фашистерді құртуды мақсат ет деп кеңес бердім.

Ол маған осылай істеймін деп уәде берді. Бұдан соң взвод командирі лейтенант Костенкомен әңгімелескенімде ортақ пікірге келдік. Ибраевқа соғыс ісін меңгеру үшін үлгілі жауынгер Асқаровты бекіттік.

Біраз уақыттан соң Ибраев тәжірибелі жауынгер болып шықты. Бірде біз ұрысқа енгенде, Ибраев бір күнде екі фашисті жер жастандырып, тағы біреуін тұтқынға алды. «Бұл, - дейді ол, - інімнің өлімі үшін».

-Мен есептеймін, -деп жалғастырады Байжақов, - жауынгерлердің жан-сезімін, көңіл-күйін көтермелеп,қанаттандырудың бірден-бір жолы өзімен жеке жұмсақ, сұлу, сыпайы әңгімелесу. Мұндай қортынды, сөзсіз,дұрыс.