6.6. Қ.Жармағамбетовтің «Ана мен бала» балладасы


Майданға кетті  жігіт, жары қалды,

Тұңғышы өмірінің нәрі қалды.

Қағаз бен қалам да тұр қаңтарулы,

Көп ісінің кезек күткен бәрі қалды,

Жас ару станоктың білді тілін,

Жас ұлан мектепте жүр алып  білім.

Жас жігіт майданда жүр қолда автомат,

Жендеттің ұшыруға көкке күлін.

Әкеден хат келсе ұлы шаттанатын

Әр сөзі көкейінде жатталатын.

Әр таңда осы ұяның есігінен,

Егіз хат алыс жаққа аттанатын.

Майданнан бір күн суық хабар алып,

Көрші мен туысқандар жүрді налып.

Болғанын әкесі мерт сезді бала,

Шығармай сыртқа сырын назаланып.

Ұланның жас жүрегін қайғы қарып,

Ызаның өрті өзегін өтті жарып.

Құйылып көздің жасы көкейіне,

Қиялға нелер қилы тұрды барып.

Өртеніп албырт тәні от боп жанып,

Булыққан ыстық жас та кетті тамып.

Жанына жара салып күйік ауыр,

Анама естіртемін, деді нағып.

«Қайғырып, қамығайын өзім ғана,

Торығып, тоздырмасын өзін ана»

Осы ойға бекіндіде, жасын тиып,

Қайғыға қарсы қойды өзін бала.

Жатсынба, суық хабар ана сезді,

Жасырын жаспен жуды қара көзді.

Жалғызы, жан жалғасы жайын ойлап,

Дүниені ұшқыр оймен ана кезді.

«Қайғырып, қамығайып өзім ғана,

Жумасын ыстық жаспен көзін бала.

Осы, ойға бекінді де жасын тиып»

Қайғыға қарсы қойды өзін төзімді ана.

Келгенде екеуі де үйге кешке,

Біріне-бірі сырын сездірмеске.

Шаттықты қолдан жасап күлімдейді,

Бірі әке, бірі жарын алып еске.

Тұрады әке олардың көз алдында,

Әрқайсысы хат жазады өз алдына.

Кей кезде мұңлы көзбен тілдеседі,

Дегендей «шыдадым ба, төзе алдым ба?»

Төсекте жатып олар егіледі,

Жастыққа ыстық жасы төгіледі.

Жасырын бір-біріне күрсінеді,

Қамығып, қабырғасы сөгіледі.

Жасырып, бір-бірінен көздің жасын,

Қайғыға қайыстырып, қабырғасын.

Таңертең шай үстінде еске алады,

Бірі әке, бірі жарын, жан жолдасын.

Мектептен қалып бала көрген емес,

Анасы озат даңқын берген емес.

Бірі әке, бірі жарын күтеді олар.

Өскелең өсектерге ерген емес.

Төзімін, сезімімен сол баланың,

Құлаған бәйтерегі сорлы ананың.

Жеткізер қандай ақын сөзбен айтып,

Қай күйші шегіменен домбыраның