6.8. Д.Әбіловтің «Қазақстан Республикам менің» өлеңі


Әйнегі- күн, шатыры – аспан,

Кең дала...Төсі толқыған егін.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан- Республикам менің!

Кемуді білмес кеңітті өмір,

Құрсағы құтты сахара демін.

Перезенті: болат,қорғасын, көмір

Қазақстан- Республикам менің!

Өрісте малын әндетіп баққан,

Ертістің от қып толқынын жаққан,

Доп қып атқан, жұлдызды қаққан

Қазақстан - Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан,

Ажалға қимай намысты елін;

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан

Қазақстан- Республикам менің!

Орманы пүліш, бұлағы күміс,

Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім.

Таулары заңғар, өзені ырыс,

Қазақстан- Республикам менің!

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған

Қазақстан- Республикам менің!

Өлең-жыры фонтандай атқан,

Жеңістің кілтін достықтан тапқан;

Күнде бір көктеп жаңарып жатқан

Қазақстан- Республикам менің!