6.11. Ғ.Ормановтың «Қараймын да асығам» өлеңі


Тепкішегім тепеңдеп,

Жеті күндей жол тарттым.

Әттең қашан жетем деп,

Алматыға құмарттым...

Сараң басып сар тайым,

Сабылды бой алдырып,

Жол бойында жантайып,

Жаттым талай шалдырып.

Сағыныштай сарғайып,

Сары белден таң атты,

Сахарада шалқайып,

Сарғая бір жол жатты.

Көкжиекке қосылған,

Қара жолдың ұшына.

Қарай, қарай асығам,

Қанатым жоқ ұшуға.

Қанша күндер жол жүрсек,

Қажытпады ол бірақ;

Қарсы алдымнан келешек,

Қара үзбеді қол бұлғап.