Сұрақтар


Өткен материалдарды түсiну үшiн әр тараудың соңында бақылау және тест сұрақтары берiледi. Студент оларға ауызша, жазбаша жауап беруi керек. Егер де онда қиыншылықтар кездессе, тарауды қайта оқып немесе тараудың соңында көрсетiлген әдебиеттердi пайдалану қажет.

1. Алғашқы микроскопты кiм және қай ғасырда құрастырды?

2. Тұңғыш микроскоп құрушыларды атаңыз. Олардың рөлi қандай?

3. Ғылымға «клетка-жасуша» атауын алғашқы болып берген кiм?

4. А. Левенгук қай кезде өмiр сүрдi және қандай микроскопиялық зерттеулер жүргiздi?

5. Қандай зерттеулер К.Ф. Вольф, А.М. Шумлянский, К.Э. Бэр аттарымен байланысты?

6. Преформизм дегенiмiз не және оның маңызы неде?

7. Қазақстанда алғашқы микроскоптар қашан пайда болды?

8. Қазақстанда алғашқы жүйелi гистологиялық зерттеулер қашан және қай жерде басталды? Олардың бағыттарын сипаттаңыз.

9. Гистологиялық препарат дегенiмiз не?

10. Гистологиялық препаратты бекiтудiң мақсаты неде?

11. Бекiту ретiнде ненi жиi қолданады?

12. Гистологиялық материалды қатыру тәсiлдерiн ата.

13. Микротом дегенiмiз не, ол не үшiн пайданылады?

14. Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?

15. Қандай микротехникалық әдiстермен препараттың тазалығына және айқындығына (контрастылығы) жетуге болады?

16. Қандай құрылымдарды оксифильдi, базофильдi және аргирофилдi деп атау ұйғарылған?