Электронды микроскопты қолдану арқылы ағзалар, ұлпалар және жасушаларды зерделеу әдiстерi


Қазiргi кезде ғылыми зерттеулер жүргiзiп, клиникалық диагноз қоюда электронды микроскоп арқылы көрудiң екi әдiсi-заттектердiң ортамен қатынасы (трансмиссиялық) немесе жарық түсiрушi және көз аясында (сканерлi) немесе әртүрлi жеке элементтерден түзiлетiн бейне (растрлi) кең қолданылуда. Олардың екеуінде де электрондар ағыны қолданылады, зерттеу зерзаттарының жазықтық бейнесi байқалады. Оның қуат күшi 50 000 В, толқын ұзындығы 0,0056 нм, көрсеткiш қабылеттiлiгi 0,002 нм, үлкейткiштiк қабылеттiлiгi 600000 есеге тең. Электронды микроскоппен жасушалар құрылымдарының өте ұсақ бөлшектерiне дейiн анық көруге болады.