Жасуша қабығы (плазмолемма, сыртқы жасуша жарғақшасы, цитолемма, плазмалық жарғақша)


Плазмолемма (plasmolemma) жасуша шетiнде орналасып, жартылай өткiзгiш сұрыптау рөлiн атқарады, жасуша цитоплазмасын қоршап жатқан ортадан бөледi, аталған ортамен оның байланысын қамтамасыз етедi.

Жасуша қабығы-екiншi жасушаны, жасуша аралық заттекті танып, оларға (талшық, негiздiк жарғақша) жапсырыла алады; заттарды, бөлшектерiн цитоплазмаға және одан тасымалдайды; сыртында арнайы сезiмтал жүйке ұштары орналасатындықтан гормондар, медиаторлар, цитокиндер, басқада хабаршы молекулалармен өзара iс-қимыл жасайды.

Цитоқаңқадағы (36 бетті қара) жиырылғыш элементтер плазмолеммамен байланысып псевдо, фило- ламеллоподийлер құрып, жасушалардың жылжуын қамтамасыз етедi.

Плазмолемма негiзiн липопро теин кешенi құрады. Плазмолемма жасуша жарғақшасының ең қалыңы (7,5-11 нм). Оның, сыртқы қалыңдығы 3-4 нм жуық, жұқа жарғақша қабаты-гликокаликс (грек. «glуkоs»-тәттi, «саlух»-қабық). Ол барлық жануарлардың жасушаларында кездеседi, бiрақ көрiлiм деңгейi әр түрлi болады, құрамына түрлi көмiрсулар кiрiп, плазмолеммадағы белок, маймен байланысқан ұзын, тармақталған полисахарид тiзбегiн құрады (6 сурет).

Полисахаридтердi анықтауға арналған арнайы әдiстердi қолданғанда, олар плазмалық жарғақша бетiнде құндақталған тәрiздi болып көрiнедi. Гликокаликсте билипид қабатымен байланыспаған белоктар болып, бұл белок-ферменттер жасушадан тыс әртүрлi заттар, көмiрсулар, белоктар, майлар және басқалардың ажырауына қатысады.

Плазмолемма арнайы құрылым–жасушааралық байланысты (junctiones cellulares), өзара iс-қимыл жасау қосылыстарын құруға қатысады. Ол құрылымдардың бiрнеше түрлерi болады (7 сурет). Олар қарапайым, күрделi болып бөлiнедi.

Қарапайым (simplex) байланыста көршi жасушалар қабығы 15-20 нм аралыққа жақындап, гликокаликс қабаттарымен өзара iс-қимыл жасап, гликопротеидтер бiр түрлердегiнi «тани» алады.

Күрделi байланыстар көршi жасушалардың кiшкене қос арнайы плазмалық жарғақшалары бөлiгiнен құралып, (7 суретке қара)-бекiтiп тастаушы (оқшаулаушы), тiркесушi және коммуникациалы (бiрлестiрушi) болып бөлiнедi.

Бекiтiп тастаушыға тығыз байланыс жатады. Оған көршi жасушалар бетiнде ұя торына ұқсас түзiлiп, орналасқан арнайы интегральды белоктар қатысады. Мұндай байланыс түрi бiр қабатты эпителий және эндотелий жасушаларына тән.

Тiркесушi байланысты жабысқақ (адгезивтi) белдеу, десмосомалар (грек. dеsmоs-байланыс) құрады.

Жабысқақ белдеу таспа тәрiздi бiр қабатты эпителий жасушаларының төбелiк бөлiгiн қоршап жатқан қос құрылым.




Десмосомаларда (desmosoma, 8 сурет) кiшкене аумақ, диаметрi 0,5 мкм жуық дақ тәрiздi қос құрылым. Ол эпителий, жүрек, тегiс бұлшық еттер жасушаларында байқалады.

Жартылай десмосома (hemidesmosoma) эпителий жасушаларын негiзгi жарғақшамен байланыстырады.

Бiрлестiрушi байланыс жануарлар жасушаларында саңылаулы байланыс-түйiспе (nexus, нексус) деп аталады. Саңылаулы байланысты, одан плазмолемма 2-3 нм аралыққа бөлiнiп, ұзындығы 0,5-3 мкм жеткен, аймақ түзедi. Ол барлық ұлпаларда болады. Түйiспе байланыстар жүйке ұлпасына тән. Олар нейрондар арасында, нейрон, сезiмтал жүйке ұшы (қабылдағыш-рецептор), атқарушы ұшы (эффектор) құрамына кiретiн басқа элементтермен арнайы бөлiмдерде (жүйке-бұлшық ет, жүйке-эпителий) кездеседi.