Ядро


Ядро (nuсlеus)-жасушаның басты құрамбөлiктерiнiң бiрi, тектiк аппарат ұстайды (14 сурет). Тектiк хабарды сақтап, таратады, ұрпақтан ұрпаққа бередi. Жасуша әдетте бiр ядролы болады. Организмде екi, көп ядролы жасушаларда кездеседi. Жалпы ядро пiшiнi жасушаға сәйкес шар тәрiздi, домалақ, куб, призма тәрiздi жасушаларда созылыңқы, эллипстей болады, жасушада әр түрлi: дәл ортасында (домалақ, жайпақ, куб тәрізді жасушалар), төменгi (призма пiшiндi жасушалар), шеткi (май жасушалары) бетiнде орналасады.

Кезеңаралық жасуша ядросы кариолеммадан (қабығынан, қабықшасы), хроматиннен, ядрошықтан және кариоплазмадан (ядро шырыны, iркiлдек шырын) тұрады.




Кариолемма (caryolemma) микроскопта байқалмайды, электронды микроскоп ол екi жарғақшадан (сыртқы, iшкi, membrana nuclearis externa et interna) тұратынын, арасында енi 15-40 нм қуысы (аралық-перинуклеарлы кеңiстiк) барын, жарғақша ядро саңылауы (porus nuclearis, 14 суреттi қара, 15 сурет) аймағында қосылатынын көрсеттi. Кариолемманың сыртқы жарғақшасында түйiршiктi эндоплазмалық тордағы сияқты рибосомалары болады, ядро саңлауы қосынды цистерна қуысына сәйкес келiп, онда түзiлген материалдар жатады. Саңылаулар ядроға цитоплазмадан түзiлген белоктар әкеледi, оған қарама-қарсы РНҚ молекулалары, рибосома өтедi. Жарғақшаның цитоплазма жағы борпылдақ аралық өскiндер торымен қоршалған (14 суреттi қара). Iшкi жарғақша-тегiс, шоғыр белок қалыңдығы 80-300 нм ламинмен (өскiнмен) байланысқан, кариоқаңқа айқыш-ұйқыш айқасқан аралық өскiндерден тұрады. Ламиндер ядроның қалыпты пiшiнiн ұстауда, хроматиндердi бiр тәртiпте орналастыруда, саңылау кешенiнiң құрылымын құрастыруда, жасуша бөлiнуiндегi кариолемманы құруда өте маңызды рөл атқарады.

Хроматин (chromatinum) ядрода байқалып, негiзгi бояғышта боялатын ұсақ түйiршiктер, материалдар үйiндiлерi ретiнде көрiнедi. Хромосомаға сәйкес хроматин ДНҚ кешенiнен, белоктардан тұрады, кезеңаралық ядрода ұзын, жұқа ширатылған жiпшелер тәрiздi хроматин, арнайы құрылым ретiнде байқалмайды. Ол жануар, өсiмдiк жасушалары ядросында үнемi болып, өздiгiнен ұдайы жаңара алатын құрылым, жасуша бөлiнген кезде айқын көрiнедi. Бұл кездегi қарқынды боялатын денешiктердi Вильгельм фон Вальдейер хромосома (грек. хромо-түс, сома-дене) деп атады. Түрлердiң әр қайсысында өзiне тән хромосома саны, мөлшерi және пiшiнi-кариотипi болады. Хромосома ұзына бойында бiр түрлi шиыршықтанбайды. Оның екi–эухроматин, гетерохроматин түрлерi болады.

Эухроматин (euchromatinum, грек. еu-жақсы, нағыз; атауды 1912 ж. Гейтц ұсынған) хромосома сегментiне сәйкес, шиыршығы тарқаған, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына ашылған. Бұл сегмент тыныштық күйде боялмайды (кейде нашар боялады), жарық микроскопта көрiнбейдi.


Гетерохроматин (heterochromatinum) конденсацияланған тығыз шиыршықты хромосома сегментiне тең болады (сондықтан оған жете алмайтындықтан ДНҚ молекласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуы жүрмейдi). Ол негiзгi бояғыштармен қарқынды боялады, жарық микроскопта түйiршiктер тәрiздi көрiнедi.

Жарық микроскопта ядрошық (nucleolus) кезеңаралық ядрода негiзгi бояғыштармен қарқынды боялған ұсақ тығыз түйiршiк немесе шар тәрiздi денешiк ретiнде байқалады, диаметрi 1-3 мкм. Ядро ортасында, бiр жағына ығысып орналасады, қоюлығы жоғары рибонуклеопротеиндердi сақтайды. Өте iрi ядрошықтар ұрық, қарқынды белок түзетiн, жылдам өсетiн қатерлi iсiк жасушаларына тән болып келедi. Электронды микроскоп ядрошықта талшықты, түйiршiктi, аморфты құрамбөлшектер барын көрсеттi.

Кариоплазма (karyo-, nucleoplasma, ядро шырыны) ядроның сұйық құрамбөлшегi, онда хроматин және ядрошық орналасады. Құрамында су, ерiтiлген заттар: РНҚ, гликопротеиндер, иондар, ферменттер, зат алмасу өнiмдерi болады.