Жануарлар тек (ген) инженериясы


Тек инженериясының мiндетi - жеке тектердi бөлiп алу, молекулаларын клондау (грек. klon-вегетативтiк өскiн) және рекомбинатты ДНҚ-тектерден жасанды қисындастыруды құру. Кейiн әдетте бұл тектiң айқындалуын-ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуын, генетикалық ақпаратты иРНҚ тiлiнен белоктағы амин қышқылы тiлiне аударуын байқауға тырысады.

Жануарлар тек инженериясы генетика, биохимия әдiстерi көмегiмен табиғатта қолданылмайтын жаңа тектердi (грек. gеnоs-дүниеге келу, құру) мақсатты құрастырумен байланысты молекулалық биологияның тарауы болып келедi. Организм жасушаларынан тектi, тектер тобын, олардың белгiлi нуклеин қышқылдары молекулаларымен қосындысын алып, басқа организм жасушасына алынған будан молекулаларын енгiзуге негiзделген. Бұл кейбiр генетика, медицина, ауыл шаруашылық және биотехнология проблемаларын шешуге ашылған жаңа бағыт.

ХХ ғасырдың 50 жылдарынан күнi бүгiнге дейiн тек қол әрекетiнiң әдiстерi жете зерттелiп, жануарлар тек инженериясының айқын жүйесi қалыптаса бастады. Оларға-жасуша ядроларын микроиньекция әдiсiмен, кариопласты қосу жолымен көшiрiп отырғызу; жануарлар зиготасының пронуклеуксына (лат. pro-дейiн, nuclеus-ядро) бөгде тектердi еңгiзу, тағы басқалар жатады.