Жыныс жасушалары


Барлық жануарлар жынысты жолмен өнiп-өседi. Жынысты жолмен көбею арнайы жiктелiнген аталық жасуша-сперматозоид (20, 21 суреттер), аналық жасуша-жұмыртқаклеткалары (22, 23 суреттер) арқылы жүзеге асырылады. Бұл жасушалар жыныс бездерiнде дамып, жетiлгенше күрделi өзгерiстерден өтедi.

Сперматозоидты (spermatozoidi, грек. spеrmа-тұқым, zооn-мал, еidоs-ұқсас) 1675 жылы нидерланд табиғат зерттеушiсi А. Левенгук ашып, анималькулдер (айуанға тәндер) деп атаған, ерiктi, жылжымалы жасуша, ұзындығы сүтқоректiлерде 40-60 мкм (2 кесте).

2 кесте

Сүтқоректiлер шәуетiнiң сипаттамасы (В.Ф. Вракин бойынша)

Жануар

лар түрi

Шәует ұзындығы (мкм)

Шәует басының ұзындығы (мкм)

Қозғалыс жылдам-дығы (мкм/с)

Шәуеттегi саны (млрд)

Жетiлген спермийлер-дiң пайда болу жасы (ай)

Ең жыныс белсен-дiлiк жасы

Айғыр

35-62

5-10

90

4-20

-

-

Бұқа

51-63

5,6-8,5

120

5-12

6

2-8 жыл

Қошқар

55-60

4-5

50

2-10

4-5

1,5 жастан

Қабан

37-62

7-10

-

25-80

4

1-2 жас





Сперматозоидтыңда барлық жасушаларға тән қабығы, цитоплазмасы, ядросы болады. Сперматозоид әртүрлi жануарларда түрлiше болғанымен, төрт бөлiмнен-басынан, мойынынан, денесiнен, құйрығынан тұрады.

Бас (caput) негiзiн ДНҚ сақтап, бiр жақ шетiне қарай ығысқан, жұқа цитоплазмамен қапталған ядро құрады. Бастың жоғарғы бетiнде ұрық қандауыры (акросома–acrosoma, грек. аkrоs-ұшы, sоmа-дене) болады. Акросома өзгертiлген Гольджи аппараты, құрамында көптеген ферменттер сақталады, әсiресе жұмыртқаклеткасының қабығын тесуге қатысатын гиалуронидаза болады. Акросома атауын 1897 жылы Ленгоссек бердi.

Оның мойыны (cervix) электронды микроскопта ғана көрiнiп, тұрақты қосынды-центросоманы сақтайды. Ядроға жақын орналасқан үстiңгi жақ центриоль мойында кесе-көлденең жатып, келешекте жұмыртқаклеткаға өтiп, зиготаның (zygоta-шағылыстырылған) бөлiнуiне қатысады, шет жағындағы центриоль ұзына бойда орналасып, талшықтың жiпше тәрiздi өзегi (аксонема) бастамасын бередi.

Дене (corpus) бөлiмi жiпше тәрiздi өзектен, тұрақты қосындылардан, шиыршық тәрiздi жiп болып көрiнетiн митохондрийлерден тұрып, қажеттi гликоген, басқа заттарды сақтап, сперматозоидқа қайрат бередi.

Сперматозоидтың ең ұзын бөлiмi-құйрығы(cauda), ол қос орталық, тоғыз жұп шет микротүтiкшеден тұрып, оның толқын, шыбыртқы тәрiздi қозғалысын қамтамасыз етедi. Сперматозоидтар жұмыртқаклеткаларымен қосылып, даму сезiмдерiн оятып, кейiнгiге аталық тұқым қуалаушылық материалдарды енгiзедi.

Жұмыртқаклетканы (ovum) 1825 ж. К.М. Бэр ашқан. Ол ұрықтануға, дамуға бейiмделген, қабығы, цитоплазмасы, ядросы, организмдегi басқа жасушалардан ерекше, өзiне тән қасиеттерi, құрылымы бар жасуша. Ядро көлемi кiшi, белсендiлiгi нашар, хромосомалар құрамы-гаплоидты. Ядро мен цитоплазма ара қатысында цитоплазма басымды. Ұрық дамуына қажеттi әр түрлi заттар: РНҚ, фермент, белок, қуат қорлары және реттеу қызметiн атқаратын себепшарттар сақталып, ерекше түзiлiс–құрамында белоктары (вителлин), көмiрсулары, майлары бар сарыуызы (corpus luteum) болады.

Сарыуыз мөлшерi, орналасуы әр жануарлардың жұмыртқаклеткасында әртүрлi болады.

Сарыуызы жоғы-алецитальдi (грек. а-бiр нәрсенiң жоқтығын бiлдiретiн қосымша, lеkithоs-сарыуыз), азы-олиголецитальдi (грек. оligоs-аз, сүтқоректiлерде, ланцетниктерде), орташасы-мезолецитальдi (грек. mеsоs-орташа, бақада), көп мөлшерлiсi-полилецитальдi (грек. роli-көп, құстарда, рептилий, балықтарда) деп аталады.

Егер де сарыуыз жұмыртқаклеткасында бiркелкi орналасса, изо-(isоs-тең), гомолецитальдi (грек. hоmоs-бiркелкi, ланцетник), бiр полюсте болса-телолецитальдi (грек. tеlоs-соңы, құстар), дәл ортада-центролецитальдi деп атайды.

Пiсiп жетiлген жұмыртқаклетканың сыртын қосымша үш: сарыуыз (вителлиндi, даму кезiнде және ұрықтанғанға дейiн жақсы көрiнедi, үш қабаттан тұрады), мөлдiр (tunica albuginea, қалыңдығы 10-20 мкм, қышқыл мукополисахаридтерден тұратындықтан күштi иммундық тосқауыл, әр жануарларға тән шәуеттердi ғана таңдап, өткiзедi, арнаулы тозаңтесiгi (микропиле) болады, олар шәует, қоректiк заттар өткiзедi, бұл терминдi 1906 жылы Турпин бердi), фолликулалы (tunica folliculum, қорғаныш, тосқауыл, реттеуiш қызметтер атқарады, құрылысы өте күрделi, құста жұмыртқаклетка жолында түзiлетiн белок, қабыршақ асты, қабыршақ, қабыршақ үстi қабықтарынан тұрады) қабықтар жабады. Ол шәуеттегi ядро белсендiлiгiн арттырып, аналық тұқым қуалаушылық материалдарын еңгiзедi; қорек, қуат, құрылым қорын, ұрықтың алғашқы даму сатыларына қажет реттеу себепшарттарын жинайды.