Гаструланың түзiлуi


Гаструляция-күрделi процестер жиынтығы, жасушалар қабаттарынан тұратын ұрық - гаструла құруға жеткiзедi. Ол жасушалар материалдарының қарқынды ауысуына орай бiр қабаттан (бластула) қосқабаттыға (гаструла) өзгерiп кетедi. Гаструляцияның төрт түрiн (31 сурет) ажыратады:

Iшке кiру - инвагинация тәсiлi арқасында целобластуладан гаструла құрылады. Бластодерма түбi жасушалары бластоцель iшiне енiп, бластула төбесiне жетедi. Ұрық домалақ түрiнен тостақан, қап тәрiздi немесе бiр қабаттыдан қос қабаттыға ауысады. Бұл қабаттар ұрық жапырақшаларын түзедi: сыртқысы - эктодерма, iшкiсi - энтодерма деп аталады. Қап тәрiздi гаструла қуысы алғашқы iшек - гастроцель, сыртқы ортамен қатынасатын тесiгi - алғашқы ауыз - бластопор деп аталады.


Құрт, моллюскi, бунақ аяқтылардың ақтық ауызы бластопор негiзiнде қалыптасатындықтан, оларды туаауыздылар деп атайды.

Екiншiауыздылар аузы (қылқанжақ сүйектi, иық аяқты, тiкен терiлi, iшекпен тынысалушы, хордалылар) бастың құрсақ жағында пайда болып, бластопор көтенiшекке, жүйке - iшек өзегiне ауысады.

Кiрлiгу, қоныс аудару (иммиграция) - кiрлiгу кезiнде бластула түбiнен бластоцельге жасушалар көшiп, сыртқы қабаты астына жайғасып, сыртқы қабаты - эктодермаға, төменгiсi - энтодермаға айналады. Ондай гаструляция iшекқуыстыларға тән.

Қоспластинкалану (деляминация) - жiктелу, бластомералар бластула бетiмен қатар бiрдей бөлiнуiнде байқалады. Онда бiр қабат сыртта, ал екiншiсi iште қалады. Бұл тәсiлде iшекқуыстыларда болады.

Эпиболия - қаптайқаулау немесе қаптап өсу, ұрықтың қосқабатты даму сатысы. Зиготаның вегетативтi полюсi сарыуызбен толып бөлшектенуге қатыспағанда (жартылай бөлшектену), өте iрi бластомералар құрылып, баяу бөлiнгенiнде байқалады. Бластула төбесiндегi өте ұсақ жасушалар жылдам бөлiнiп, оны қаптап өседi. Мұндай гаструляция түрi қылшығы аз құрттарда кездеседi.