Ұлпалар мен ағзалардың дамуы


Негiзгi ұрық жапырақшалары қалыптасқаннан кейiн ұлпалар, одан соң ағзалар дамып, жетiледi.

Ұлпалар дамуында эктодермадан терi эпителийi, оның туындылары, жүйке жүйесi, iшек түтiгiнiң алдыңғы, артқы бөлiмдерi дамиды.

Энтодерма туындыларына-ас қорытқыш өзек, бездерiндегi эпителий төсенiштерi, тыныс алу жүйесi жатады.

Мезодермадан - бұлшық ет ұлпалары, қаңқа, несеп-жыныс жолындағы ағзалар, дене сiр қуыстарының қабырғалары және басқалар пайда болады. Онымен бiрге мезодерма мезенхима бастамасы болып келедi.

Мезенхима - ұрықтың дәнекер ұлпасы, көптеген ағзалар құрамына кiредi, одан организмнiң барлық дәнекер және бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары, қан тамырлары дамиды.