Ұрықтың ана организмi және ортамен өзара iс-қимыл жасауы


Ана–ұрық жүйесi буаздық процесiнде пайда болады да, араларындағы өзара iс-қимыл жасау-нейрогуморальдi механизмдермен және қағанақ арқылы қамтамасыз етiледi.

Ана организмiнiң қабылдағыштық механизмi дамудағы ұрық күйiн алғашқы қабылдайтын сезгiш жүйке ұштары бар жатырда орналасады. Эндометрийде хемо-, механо-, жылу қабылдағыштары, қан тамырларында-қысым қабылдағыштары болады. Ерiктi сезгiш жүйке ұштары жатыр қабырғасы көктамырларында, қағанақ бекитiн аймақта өте көп кездеседi. Ана организмiнiң қан қысымы, тыныс алу қарқындылығы өзгеруiн жатыр қабылдағыштарының тiтiркенуi қоздырады. Ол ұрық дамуына қалыпты жағдайды қамтамасыз етедi.

Ана организмiнiң реттеушi механизмi орталық жүйке жүйесiнiң бөлiмдерiн, гипоталамус-эндокриндi жүйенi қосады. Маңызды реттеуiш қызметтердi-жыныс, тироксин, кортикостероид, инсулин, басқа гормондар орындайды. Буаздық кезiнде ана бүйрекүстi безi қыртысының белсендiлiгi күшейедi, ұрық зат алмасуын реттеуге қатысатын кортикостероидтар құрылуы артады. Ана нейроэндокриндi аппараты буаздықты сақтауды, жүрек, тамыр, қан жасаушы ағзалар, бауыр деңгейi қызметiн және ұрыққа қажеттi ұтымды зат және газ алмасу деңгейiн қамтамасыз етедi.

Ұрық организмiнiң қабылдағыштық механизмi ана организмiнiң өзгерiстерiн немесе өз тұрақтылығының хабарларын қабылдап, ұрықтың кiндiкбау қабырғасындағы қызыл және көктамырларда, бауыр көктамыры сағасында, терiде, iшектерде байқалады. Бұл қабылдағыштар тiтiркенуi ұрық жүрек қағуы жиiлiгiнiң өзгеруiне, оның қан тамырында қанағымы жылдамдығына, қанда қант сақталуына жеткiзедi.

Ұрық организмiнiң реттеушi нейрогуморальдi механизмi даму процесiнде қалыптасып, орындаушы-тыныс алу қарқындығының өзгеруiн, жүрек-тамырлар iс-әрекетiн, бұлшық ет белсендiлiгiн қамтамасыз ететiн-ұрық ағзаларын, газ, зат алмасу, жылу реттеу, басқа қызметтер өзгерiсi деңгейiн анықтайтын механизмдерге бағытталған.

Ана-ұрық жүйесi байланысын қамтамасыз етуде аса маңызды рөлдi қағанақ атқарады. Ол ұрық дамуына қажет заттарды жинақтап, оларды түзедi. Қағанақ эндокриндi қызмет орындайды, бiрталай гормондарды: прогестерон, эстроген, хорион гонадотропинiн, қағанақ лактогенiн, тағы басқаларды өндiредi. Қағанақ арқылы ана-ұрық арасында гуморальдi және жүйке байланыстары iске асады.

Ана-ұрық жүйесi қалыптасуында бiрталай қатерлi кезеңдер болады.

Жердi мекендейтiн организмдер әртүрлi мекен ортасын-су, құрылық-әуе, топырақты игерiп алады. Ортаның кейбiр элементтерiн экологиялық себепшарттар деп атайды. Оны абиотикалық, биотикалық, антропогендiк деп, үшке бөледi.

Абиотикалық факторлар - табиғатта органикалық емес (температура, жел, жарық, қысым, дымқылдық, жел, рельеф, топырақ) себепшарттар.

Биотикалық факторлар - организмнiң бiр немесе әр түрiнiң бiр бiрiне түрiшi және түраралық ықпал жасауы.

Бiр түрдегi дарақ арасының қатынасы тiптi әр түрлi болады. Мысалы, ол ұрғашы малға ие болу үшiн еркек малдың арасындағы бәсекелестiк күрес, топта жетекшi болу үшiн байқалатын күресi, ата-ананың ұрпаққа деген қамқорлығы, еркек малдардың жас және ұрғашы малдарды қорғауы болуы мүмкiн.

Түраралық қатынастарға бәсекелестiк, жыртқыштық, тоғышарлық, серiктестiк, селбестiк жатады.

Антропогендiк факторлар - адам iс-әрекетiнiң тiкелей тiрi организмге, олардың мекен ортасына әсер етуi. Адамның организмге тигiзер әсерi тiкелей немесе жанама, оң немесе терiс болуы мүмкiн.