Ұлпалар iшiндегi және араларындағы өзара iс-қимыл жасауы


Ұлпалар тұрақтылығын (гомеостаз-грек. hоmоiоs-ұқсас, stаsis-тұру), оның iшiндегi, араларындағы өзара iс-қимыл жасауы қамтамасыз етедi. Мұндай өзара iс-қимыл жасау әр ұлпада ерекше, оның орналасқан жерiне, үйлесiмiне, жасуша құрамына, зат алмасу ерекшелiктерiне байланысты болады.

Ұлпа iшiндегi өзара iс-қимыл жасауы жасушалар, жасуша аралық заттек сақталуымен анықталады. Жасуша аралық заттек аз болса (эпителийлер), ұлпа тұрақтылығын жасуша аралық өзара iс-қимыл жасауы сақтайды.

Жасуша қабығы (плазмолемма) жарғақшасы макромолекулаларының өзара iс-қимыл жасауын-жасушалар молекулаларының жабысуы (адгезия) деп атайды. Жасушалардың жанасқан жерлерінде арнайы жасуша аралық қосылыстар құрылып, жасушалар арасындағы механикалық, химиялық (зат алмасу, ион, электрлiк) байланыстарды қамтамасыз етедi. Жасуша аралық заттек (дәнекер ұлпалар) бiраз басым болса, жасушалар бiр-бiрiнен алшақ орналасады, жасушалар мен жасуша аралық заттек араларында өзара iс–қимыл жабысуы алға шығады. Ол төсемiк молекулаларының жанасуынан түзiледi, біршама рөлдi мұнда тiкелей байланыс (жабысу), ара қашықтық химиялық, ұлпалар iшiндегi жасуша аралық өзара iс–қимыл жасаулар атқарады.

Жасушалар, оның аралық затындағы жасушалар мен құрамбөлiктерi араларындағы өзара iс–қимыл жасауының арнайы жабысуын ұлпаларда жабысу қабылдағыштары деп атайды, ал олардың бетiне жабысып келген-лигандалар (қабылдағыштармен арнайы байланыстағы молекула) өзара тануын қамтамасыз етедi.

Көптеген жасуша молекулаларының гликопротеин жарғақшаларымен байланысқан арнайы түрлеріне - интегрин, селектин, иммуноглобулин тәрiздi жабысу белоктары жатады.

Төсемiк молекулалар жабысуының көбi интегрин тұқымдасы болып келiп, негiзгi жарғақша, жасуша аралық заттектегі фибронектин, ламинин, витронектин, коллаген, басқа құрамбөлiктермен байланысады.

Ұлпалардағы жасуша аралық өзара iс–қисыл жасауды қамтамасыз ететiн гуморальдiк факторларға түрлi зат алмасу, гормондар, цитокиндер, кейлондар жатады.

Цитокин-арнайы ұлпаларда бөлiнбейтiн гликопептидтер, жасушаның өсуi, жетiлуi, қабынуы реакцияларына үш жолдармен - аутокриндi (бiрдей жасушаларға жергiлiктi әсер берушi), паракриндi (әртүрлi жасушалар арасына жергiлiктi әсер берушi), эндокриндi (бiр жасушаның басқаларға, қан арқылы ара қашықтық әсер берушi) әсер етедi. Цитокиндерге интерлейкиндер, өсу және шоғыр дамуына жағдай жасау факторлары, қатерлi iсiк өлi еттену факторы, интерферондар жатады.

Кейлон - ұлпаның арнайы факторлары, ұлпадағы жетiлген жасушаларды өндiредi, нашар жетiлген бағаналық және жартылай бағаналық жасушалар бөлiнуiн тежейдi. Оның өнiмдерi арқасында жетiлген ұлпада жасушалар санының тұрақтылығы сақталады. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, онда қалпына келудi кейлондар өнiмi күшейтедi.

Ұлпалар арасындағы демеушi өзара iс–қимыл жасау тұңғыш рет ұрық даму процесiнде басталып, одан әрi, бiраз өзгерiске түсiп жетiлген организмде сақталады. Мұндай өзара iс-қимыл жасау болмаса, мысалы, тiрi ұлпа өзiне тән бiрталай қасиеттерiн, қызметтерiн себiндi де жоғалтып алар едi.