Ұлпалардың жiктелуi


Алғашқы ұлпалар жiктелуiн ХVIII ғасырдың соңында француз ғалымы Мари Франсуа Биша ұсынып, организм ағзалары 21 ұлпадан тұрады деп, кесiп айтты. Қазiргi кезде қабылданып, кең тараған екi ұлпалар жiктелуi бар.

Бiрiншi жiктелудi ұлпалардың құрылымы мен қызмет негiзiне сүйенiп, 1857 ж. фон Ф. Лейдиг және Р. Келликер ұсынды. Бұл жiктелу организмде төрт: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпалар тобын ажыратады.

Екiншi жiктелу онто-, филогенез процестерiнде ұлпалардың шығу тегiне негiзделген, ол Н.Г. Хлопин мен В.П. Михайлов әзiрлеген ұлпалардың гистогенетикалық жiктелуi.

Эпителий ұлпалары (textus epitelialus) iшкi, сыртқы орта шекарасында (ас қорыту жолының кiлегейлi қабығы, терi сыртқабықшасы, сыртқы ортамен байланысқан түтiктi және қуыс ағзалар), әрі организмнің iшкi ортасында (эндокриндi жасуша) орналасады. Шекара эпителийі тосқауыл (қорғаныш), қабылдағыш (татым баданасындағы жасушалар) қызметтердi атқарады, сыртқы ортамен алмасуды (сыртқы секреция, газ алмасу, қажетсiз бөлiндi бөлу) қамтамасыз етiп, жасушалар қабаттарын құрады. Ұлпаларды iшкi ортадан негiзгi жарғақша бөлiп тұрады. Эпителийдің қыртысында қан тамырлары болмайды. Шекаралық эпителий жасушаларына полюстенген жетiлу тән. Организмнiң iшкi ортасына батқан эпителий жасушаларынан тұратын аралшық, арқаулар сыртқы ортамен (эндокриндi жасушалар, айырша без қаңқасы) тiкелей байланыспайды.

Дәнекер (iшкi орта, тiректi-қоректiк) ұлпалар (textus connectivus) организмнің тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етiп, қорғаныш, қоректiк, тiректiк қызметтер атқарады. Бұның құрамына мезенхимадан дамитын үлкен ұлпалар тобы - қан, дәнекер, қаңқалық ұлпалар кiредi.

Бұлшық ет ұлпалары (textus muscularis тарауды қара) дене және оның бөлiктерiнiң қимылдауын қамтамасыз етiп, қаңқалық, жүректiк, бiрыңғай салалы болып бөлiнедi. Бұлшық етте актомиозиндi хемомеханикалық түрлендiргiштер болады. Бұлшық еттердiң жиырылуын, босаңсуын жүйке жүйесi бақылып отырады. Қанқалық бұлшық ет тәндiк, ал жүректiк және бiрыңғай салалы бұлшық еттер вегетативтiк жүйкеленудi алады.

Жүйке ұлпасы (textus nervosus тарауды қара) бiрiктiру рөлiн орындап, организм қызметтерiн үйлестiрiп, қозғыштық, жүйке тiтiркенiсiн өткiзу қабілеттерiмен сипатталып, нейрондардан және нейроглиядан тұрады.