Сұрақтар


1.       Қандай ұлпалар дәнекер немесе iшкi орта ұлпаларын құрайды?

2.       Мезенхима дегенiмiз не? Құрылысы қандай?

3.       Дәнекер ұлпалардың iшiндегi қай ұлпа таза қоректiк қызмет атқарады?

4.       Қан қандай ұлпа? Оның сипаттамасын берiңiз.

5.       Гемограмма, лейкоцитарлық формула дегенiмiз не?

6.       Борпылдақ дәнекер ұлпа қандай ұрық жапырақшаларынан дамиды?

7.       Борпылдақ дәнекер ұлпаның құрылысын сипаттап, орналасқан жерiн көрсетiңiз.

8.       Борпылдақ дәнекер ұлпаның жасушаларын атап, олар қалай бөлiнетiнiн баяндаңыз.

9.       Жасуша аралық заттектің құрылымын түсiндiрiңiз.

10.  Микроскопта бұл ұлпа жасушаларын қалай ажыратады?

11.  Фибробластар, олардың құрылысы, қызметi және онда қандай тұрақты қосындылар жақсы дамыған?

12.  Шұрайлы жасушаның ерекшелiгi неде? Ондағы түйiршiктердiң химиялық құрамы қандай?

13.  Тығыз талшықты дәнекер ұлпаның микроскоптағы құрылысының ерекшелiктерi неде?

14.  Бұл ұлпаның қандай түрлерiн бiлесiз. Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы бар ма?

15.  Эндотендиний, перитендиний және эпитендиний дегенiмiз не? Оларды қай жерде көруге болады?

16.  Берiктiктi сақтайтын ұлпаның түрiн атаңыз.

17.  Бiрiншi, екiншi, үшiншi реттiк будаларды не түзедi?

18.  Тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпаға не жатады? Олардың құрылысын, кездесетiн жерлерiн атаңыз.

19.  Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпаны қай жерден көруге болады?

20.  Қаңқалық дәнекер ұлпаларға не жатады?

21.  Шемiршек жасушаларын атаңыз.

22.  Шемiршектiң қандай түрлерiн бiлесiз. Олар қай жерде кездеседi?

23.  Шемiршек түрлерiн құрылысына қарап, бiр-бiрiнен айырмашылығы неде екенiн түсiндiрiңiз.

24.  Сүйек ұлпасының құрылымы, түрлерi, қызметi және басқалардан ерекшелiгi неде екенiн түсiндiрiңiз.

25.  Остеон дегенiмiз не? Оның құрылысы және қызметi қандай?

26.  Сүйек жасушаларына сипаттама берiңiз.

27.  Қаңқалық дәнекер ұлпаларды микроскопта қалай бiр-бiрiнен ажыратуға болады?