Жүйке талшықтары


Жүйке талшықтарын глия қабықтарымен жабылған нейрон өсiндiлерi құрады.

Жүйке талшықтары құрылысына қарай миелиндi (neurofibra myelinata, жүйке талшығының құрамына кiретiн ақ зат және липоидтың қосындысы), миелинсiз (neurofibra nonmyelinata) болып, екi топқа бөлiнедi. Екеуi де бiлiктi цилиндр деп атайтын нейрон өсiндiсiнен тұрады. Бiлiктi цилиндрдi бас миы мен жұлында олигодендроглия жасушаларынан тұратын қабық (жүйке жүйесiнің шеткi бөлiмiнде-леммоциттер, шванн жасушалары деп аталады) қоршап тұрады. Миелинсiз жүйке талшығы вегетативтiк жүйке жүйесiнде және ми сұр затында, миелиндi-жүйке жүйесiнiң шеткi (сомалық) бөлiмiнде, ақ затта таралған.

Миелинсiз жүйке талшығын 3-20 нейрондар өсiндiлерi құрады. Талшықты олигодендроглиялар қоршап, аксонның леммоциттер цитоплазмасына батуында шванн жасушасының қабығы (жасуша жарғағы) тұтасып, мезаксон (mesaxon, шванн жасушасының қос жарғағы) түзеді. Әр нейрон өсiндi осылай қапталады, бiрақ өсiндiлер әр тереңдiкте болатындықтан, мезаксонның ұзындығы әртүрлi болады. Мұндай талшықты өткiзгiш сым тәрiздi деп атайды. Олардың қалыңдығы 1-5 мкм, ядросы талшықтың шетiнде, ортасында орналасады. Тiтiркенiстер барлық бiлiктi цилиндрлерге шашыраңқы таратылып, талшық жақсы оқшауланбайды, сондықтан ол 0,2-2 м/сек. жылдамдықпен өтедi. Мезаксон мен бiлiктi цилиндрдегi леммоциттің плазмалеммасы электронды микроскопта ғана байқалады.

Миелиндi жүйке талшықтары (neurofibra myelinata, 53 сурет) жүйке жүйесiнiң орталық, шеткi бөлiмдерiнде кездесiп, тiтiркенiстi бұлжытпай, дәл, жоғары жылдамдықпен (5-120 м/сек.) өткiзедi. Ол миелинсiзден қалың, жалғыз бiлiктi цилиндрiнiң диаметрi үлкен (1-20 мкм) болады. Оны олигодендроглия қоршап, қоюлығы жоғары липидтерi бар, осмий қышқылымен қарқынды боялатын, ерекше - миелин қабығын, одан жоғары леммоцит цитоплазмасы мен ядросы - шванн қабығын және жұқа қабат - нейролемманы (neurolemma) құрады. Миелин қабығы жарық микроскопта бiркелкi қабатты көрiнсе, электронды микроскоп оның көптеген жарғақты тақташа (леммоцит қабығы) қосылуынан пайда болатынын дәлелдi. Талшық сырты негiзгi жарғақпен жабылған. Шеткi жүйке миелинiнде осмиймен боялмаған, ақшыл Шмидт-Лантерман белгiсi (incisura) кездеседi. Көршi леммоциттер жанасқан жерiндегi талшық күрт жiңiшкередi, себебi мұнда миелин қабығы болмайды, ол 1-2 мм аралық сайын қайталанатын нейролеммамен-түйiндi немесе Ранвье үзiлiстерiмен (буылтығымен) жабылады. Бұл жердегi аксон жиi кеңейедi, оның плазмолеммасында басқа жерде кездеспейтiн натрийлi өзектер болады. Екi Ранвье үзiлiстерiнің арасындағы жүйке талшығы бөлiмiн түйiнаралық сегмент (segmentum internodale, бөлшек) деп атайды.