Жүйкелер. Жүйке түйiндерi


Жүйкелер (nervus, жүйке дiңi, бағанасы) ми мен жұлындағы жүйке орталықтарын қабылдағыштар және жұмыс ағзаларымен байланыстырады. Жүйкелер жүйке талшықтарының (neurofibria) шоғырларынан құралады, дәнекер ұлпаның қабықтарына: эндоневрий (endoneurium), периневрий (perineurium) және эпиневрийлерге (epineurium) бiрiгiп кетеді (58 сурет). Көптеген жүйкелер аралас, орталыққа, шетке бағытталған талшықтарды құрады.

Жүйке түйiндерi-орталық жүйке жүйесiнен тыс топталған нейрондар. Олар сезгiш (сезiмтал, сенсорлы) және дербес болып, бөлiнедi. Сезгiш жүйке түйiндерiн жалған бiр немесе екi өсiндiлi (бұранда, теңдiктi сездiру түйiндерi) орталыққа бағытталған нейрондар түзедi, олар жұлынның артқы түбiрi (жұлындық немесе арқа түйiндерi), ми жүйке жолында орналасады.