Жұлындық (арқа) түйiндер


Жұлындық түйiндер жүйке орталығы болмайды, түрi ұршық тәрiздi, сыртын тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қаптама жауып тұрады. Шет жағында жалған бiр өсiндiлi нейрондар денесiнiң тығыз топтары жатады, орталық бөлiгiнде бұл нейрондардың өсiндiлерi, олардың арасында тамырларды әкелетiн эндоневрийдiң жұқа қабаты орналасады (59 сурет). Аталған iрi, ұсақ нейрондар сфералық денесiмен және жақсы байқалатын ядрошығы бар ақшыл ядросымен сипатталады. Нейрон цитоплазмасында митохондрийлер, түйiршiктi эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты және лизосомалар сақталады. Әр нейрон олигодендроглия жасушаларынан тұратын қабатпен (мантий (қабықты) глиоциттер немесе жасушалар-серiктермен) қоршалады. Оның денесiнен өсiндi шығып, Т-тәрiздi бөлiнiп, миелин қабығымен жабылатын орталық (дендриттi), шеткi (аксонды) тармақтарын бередi. Орталық тармақ шетте қабылдағыш құрып аяқталады, шеткi тармақ жұлынға, оның артқы түбiрiмен кiредi (59 суреттi қара). Бұл түйiн нейрондарының мына нейроселбестiргiштерi-ацетилхолин, глутамин қышқылы, соматостатин, тағы басқалар болады.