Үлкен ми (оның дiңгегi)


Үлкен ми (encephalon) өз дiңгегiнен тұрады. Ол жұлынның жалғасынан (сопақша, артқы, орта, аралық миларды қосады), үлкен ми сыңарлары мен мишықтан құралған, жамылма бөлiгiнен тұрады. Үлкен ми дiңгегiндегi сұр затты көптеген ядролар бередi, оны ақ заттар қоршап, тек сопақша мидың артқы жақ бөлiгiнде жұлынның алдыңғы және артқы ашаларының жалғасы байқалады, бiрақ алдыңғы жағында жеке нейрондардың шоғыры өткiзгiш жолдармен бөлiнiп, ядроларды қалыптастырады. Дiңгектен 10 жұп мидың жүйкелерi шығады, олардың ядролары сопақша және орта ми шектерiнде орналасады.

Ми дiңгегiнің ядролары сезгiш (сезімтал), қимыл, байланыстырушы болып бөлiнедi.

Сезгiш ядролар жұлынның артқы ашасындағы ядролардай, көп өсiндiлi байланыстырушы нейрондардың денелерi, дендриттерi орналасқан, оларда сезгiш хабарларды әкелетiн жалған бiр, екi өсiндiлi жасушалардың аксоны аяқталады.

Қимыл ядролары қозғағыш нейрондардан тұрады, аксондары қаңқа бұлшық ет талшықтарында аяқталады. Бұл ядроларға нейронның денелерi жататын сопақша және орта мидағы вегетативтiк ядроларды жиi қосады, олардың аксондары түйiн алды талшықтарын құрып, ми жүйкелерi парасимпатикалық жүйкенің түйiндерiне бағытталады.

Байланыстырушы (релелiк) ядроларда байланыстырушы көп өсiндiлi жасушалардың шоғыры болып, олар жүйкенің тiтiркенiсiн ауыстырып қосу жолын құратын көп нейронды рефлекторлық доғаларын қалыптастыруды қамтамасыз етедi.

Тiтiркенiстер сыңарларға, мишық қыртыстарына барады немесе қайта бағытта қыртыстан ми дiңгегiне, жұлын орталықтарына өтедi.

Ми дiңгегi ақ затының гистологиялық құрылысы жұлындағыдай, жүйке талшықтарының будасынан тұрады, өрлеме, төмендеушi жолдар құрады да, орталық жүйке жүйесiнiң әр бөлiмдерiн бір-бірімен байланыстырады. Ми дiңгегiндегi кейбiр ядролардың орналасуына, құрылыс ерекшелiктерiне орай, оның өткiзгiш жолдарының нейроселбестiргiштерi арнайы химиялық құрамымен ерекшеленедi.

Орталық жүйке жүйесiндегi ерекше бөлiмге, арнайы құрамға ие, оның әр деңгейiн байланыстыратын торлы құрылым жатады. Торлы құрылым ұсақ, орташа және iрi, көп өсiндiлi байланыстырушы нейрондардың топтарынан құралады, өсiндiлерi түрлi тармақталады, әртүрлi нейроселбестiргiштердi ұстайды, жүйке талшығының торларымен қапталады. Торлы құрылым жұлында басталып, аралық миға дейiн созылады, оның алдыңғы жағында тiптi жақсы дамиды. Нейрондар орталыққа бағытталған байланыстар саны көптiгiмен сипатталады, сезгiш құрылымнан келедi, шетке бағытталған кескiндерге бай болады. Өсiндiлерi үлкен ми сыңарларының қыртысына, дiңнің әр бөлiмiндегi ядроларға, шеткi миға, мишыққа бағытталып, оларды бiр жүйеге бiрiктiредi. Торлы құрылым ауырсынуды сезiп, озбырлыққа қатысады деген пiкiр бар.

Таламус асты ядролар сақтайтын аралық мидың үлескiсi, олардың бiраз бөлiгi нейрогормон өндiруге арнайы бағытталған ерекше нейрон денесiн бiрiктiредi. Нейрогормон аксон арқылы тасымалданып, нейрогипофиздiң қылтамырлар торына бөлiнедi. Сондықтан орталық жүйке жүйесiмен ағза-нысаналар арасындағы байланыстардың бәрi тек жүйке талшықтарымен iске аспайды.