Сұрақтар


1.       Рефлекторлық доға қандай тiзбе-топтардан тұратынын атап, күрделi рефлекторлық доғаның қарапайым түрiнен қандай айырмашылығы барын түсiндiр?

2.       Жұлынның сұр затында ядролар бола ма? Болса оларды атап, әр ядроның орналасқан жерiн көрсет.

3.       Жұлындағы қозғалғыш ядро нейроциттерiнiң аксондары қайда барып аяқталады және олар не түзедi?

4.       Жұлын түйiнi нейроциттерiнiң дендриттерi қайда бағытталады және соңғы тармақтары ненi құрайды?

5.       Жұлынның ақ және сұр затының негiзiн қандай глиоциттер түзедi?

6.       Жұлынның өткiзгiш жолдарын атап, олардың қайсысы сопақша мида, қайсысы мишықта аяқталатынын баянда.

7.       Вегетативтiк түйiндердiң микроскоптық құрылысын жұлын түйiндерiмен салыстыра отырып, олардың ерекшелiктерiн түсiндiр.

8.       Жүйке жүйесiнiң орталық және қиян бөлiмдерiндегi ағзалар арасындағы байланыс қалай жүредi?

9.       Химиялық түйiспе қандай бөлiмдерден тұрады және оны қандай құрылым белгiлерiне қарап ажыратуға болады?

10.  Неге түйiспе арқылы тiтiркену бiр бағытта ғана жүредi?

11.  Жұлындағы қозғалғыш ядро нейроциттерiнiң аксондары қайда барып аяқталады және олар не түзедi?

12.  Жұлын түйiнi нейроциттерiнiң дендриттерi қайда бағытталады және соңғы тармақтары ненi құрайды?

13.  Жұлынның ақ және сұр затының негiзiн қандай глиоциттер түзедi?

14.  Жұлынның өткiзгiш жолдарын атап, олардың қайсысы сопақша мида, қайсысы мишықта аяқталатынын баянда.

15.  Вегетативтiк түйiндердiң микроскоптық құрылысын жұлын түйiндерiмен салыстыра отырып, олардың ерекшелiктерiн түсiндiр.

16.  Жүйке жүйесiнiң орталық және қиян бөлiмдерiндегi ағзалар арасындағы байланыс қалай жүредi?

17.  Мишық қыртысының үш қабатын атап, оның қайсысында қиыршықты торшалар мен Пуркинье торшаларының денесi жататынын көрсет.

18.  Мишықтың ақ затындағы сезгiш талшықтарды атап, олар қай жерде аяқталатынын көрсет.

19.  Себет тәрiздi торшалар қай жерде жатады және оларды неге осылай деп атайды?

20.  Ми сыңарының қыртысындағы қабаттарды ата.

21.  Периневральды қынаптың құрылысын сипаттап, оның неге орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын ауру қозғыштарын таратудағы рөлiн түсiндiр.

22.  Қиян жүйкесiнiң құрылымы қандай? Оның құрамына қандай жүйке талшықтары кiредi?

23.  Нейросекреция дегенiмiз не және оның гипоталамус атқаратын қызметiндегi маңызы неде?

24.  Мишықтың атқаратын қызметтерi қандай?