Дәм сезу ағзалары


Дәм сезу ағзалары (organum gustus) ауыз, тiл, ерiн, жұтқыншақ алды бөлiмде, өңеште және көмекейде байқалады. Негiзiнен тiлдiң саңырау құлақ тәрiздi, жiпше, өзекше (қалытқы) және жапырақша бүрлерiнде орналасады.

Саңырау құлақ тәрiздi бүр қызуды, дәм тiтiркенуiн қабылдап, түйсiк қызметiн атқарады. Бұл бүр көп қабатты жайпақ түлемейтiн эпителиймен жабылған, бүйiрлік эпителий қабатында дәм бүйрегi (caliculus gustatorius) жатады. Дәм бүйрегі бiр-бiрiне тығыз жанасқан дәм (cellula gustatoria, сопақша ядролы, цитоплазмасы митохондрийлер, түйiршiксiз эндоплазмалық тор сақтайды), қолдаушы (cellula sustentacularis, iрi ядролы, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар) жасушалардан тұрады.

Жiпше бүрлер жануарларда жиi кездеседi. Оның бетiнде екiншi өсiн құрыла алады, ал сыртын көп қабатты жайпақ түлейтін эпителий төсейдi. Жыртқыш жануарлар эпителийiнің бетiнде мүйiздi оймақша кең таралған.

Өзекше (қалытқы) бүрлер тiлдің кiлегейлi қабығы түбiнде орналасады, көлемi үлкен, саны көп болмайды.

Жапырақша тәрiздi бүр күйiстiлерде болмайды. Пiшiнi жапырақтай, ұзын тiлге көлденең жататын кiлегейлi қабықтың қатпарларынан тұрады.