Сүйек кемiгi


Сүйек кемiгi (medulla ossium rubra) қан түзу және иммунитет дамуының орталық ағзасы және бағаналық қан жасушаларының өзiн-өзi қолдайтын популяцияларын сақтап, миелоцит, лимфоцит қатарларының жасушаларын құруға қатысады. Ол жетiлген жануарлардың жайпақ сүйектерiнде (қабырға, бас, жамбас астауы, кеуде), омыртқаларда, түтiктi сүйектер эпифиздерiнде болады.

Оның құрамына: қан өндiрiлу, стромалық және тамырлық (83 сурет) құрамбөлiктер кiредi.

Қан өндiрiлу құрамбөлiгiн миелоидты ұлпа құрады.

Стромалық құрамбөліктер өзара iс-қимыл жасап, даму сатысындағы миелоцит, лимфоцит қатарларының жасушаларын сақтайды. Онда өзiн-өзi қолдайтын популяциялары бар плюрипотенттi бағаналық жасуша лар болады. Түрлi жасушалардың былай таралуы тегiн емес. Себебi, мегакариоциттер әруақытта қойнау ларға жақын жатып, оның бау тәрiздi өсiндiлерi қойнау кеңiстiгiне өтiп, жеке жасушаларға бөлiнедi. Түйiршiктi лейкоциттер эндостың жанында жетіледi және ретикулин, адипоцит алды жасушаларымен байланысады. Эритроидты қатар ретикулин жасушаларымен байла нысып, эритробластар аралшығын да дамиды. Жасушалар қосылып, гемоглобин синтезiне қажет темiр сақтайтын ферритиндi жинап, бөлшектерiн берiп отырады. Стромалық құрамбөлiктер өсiндiлi ретикулин жасушалары мен талшықтарын қосып, үш өлшемдегi торларды (қойнау қабырғасындағы ретикулин жасушаларын-адвентициялық деп атайды); адипоциттердi (май жасушасы); жемiр және эндост жасушаларын (сүйек қуысын төсейтiн дәнекер ұлпалар) құрады.

Тамырлық құрамбөлiктер әдеттегi микроайналымның арнасындағы тамырлармен бiрге қабырғасы жұқа, жалғамасы бар, диаметрi 50-75 мкм ерекше қылтамырлар соңы (көктамырлы) қойнауларын сақтайды.

Қойнаулар жұқа эндотелиймен төселген, қан өндiрiлу құрамбөлiгiндегi жетiлген жасушаларды жетiлмегенiнен ажыратып, уақытша түзiлген саңылаулар арқылы қойнау кеңiстiгiне өткiзiп тұрады. Оның бiрталай жерiнде негiзгi жарғақ болмайды. Қойнау қабырғасының сыртқы қабаты адвентициялық жасушаларды құрады. Қойнаулар қысқышеттермен (сфинктер) қамтамасыз етiлген, олар уақытша қан айналымынан шыға алады. Сөйтiп «тұндырғыш» рөлiн ойнап, онда жасушалар жетiледi. Сыртына жемiр жасушалар жанасып, олардың өсiндiлерi қойнау кеңiстiгiне өтедi.

Қан өндiрiлуiнде гуморальдi реттеу жасушалардың әр бағытта жаңадан түзiлiп, өсуiн және жетiлуiн бақылауды қамтамасыз етедi. Олар бiрталай себепшарттармен iске асады-бiр, бiрнеше түрлi жасушаларға ара қашықтықтан әсер ететiн гормондар немесе жергiлiктi әсерлер сияқты, тiкелей арнайы қабылдағыштар жарғақтарымен байланысу арқылы жүредi.

Мұндай себепшарттарға: бүйректе өндiрiлетiн, эритроциттер дамуын ынталандыратын - эритропоэтин; Т-лимфоциттер, сүйек кемiгiнің стромалық жасушалары, эндотелий өндiретiн, түйiршiктi лейкоциттер, моноциттер дамуын ынталандыратын-колония (шоғыр) ынталандырушы себепшарттар; Т-лимфоциттер, стромалық жасушалар, эндотелий өндiретiн, эритроциттер, түйiршiктi лейкоциттер, моноциттер, әрi лимфоциттердің дамуын ынталандыратын–интерлейкиндер жатады.

Сүйек кемiгi миелоидты қан түзуiмен қатар иммунды жүйенiң орталық ағзасы болып есептеледi. Онда құстардың фабрициев қапшығындағыдай, қан бағаналық жасушаларынан шығатын құрушылардан В-лимфоциттер тәуелсiз тегiжатының жетiлуi iске асады.