Айырша без. Құстың бiтеу (клоака, фабрициев) қабы


Айырша без (тимус-thymus) иммунды жүйенiң орталық ағзасы. Сүйек кемiгiнен түсетiн құрушылардан Т-лимфоциттер тәуелсiз тегiжаттарының жаңадан түзiлiп, өсуi, жетiлуi жүредi. Көптеген жануарлардың айырша безi кеңiрдектiң екi бүйiрiнде орналасатын қос мойын және кеуде қуысында-дара бөлiктерден тұрады. Ол тамырлары бар қалқаға дейiн созылатын дәнекер ұлпа қапшығымен жабылған. Қалқалар бездi байланысқан өсiндiлi эпителий жасушаларынан тұратын бөлiктерге бөлiп, ағза стромасын құрады. Строма iлмешектерiнде лимфоциттер (немесе, тимоциттер-thymocytus) орналасады. Сондықтан бездi лимфоэпителийлi ағза деп атайды. Оның әр бөлiгiнде қыртысты және милы заттары болады (84 сурет).




Қыртысты зат (cortex) бөлiк шетiнде орналасады, жануар төлдерiнде ол ми затына қарағанда басым болады. Лимфоциттер жиi орналасатындықтан, түсi қоңыр болып келедi. Онда эпителий жасушаларының ерекше түрлерi байқалады: түрлi секрет бөлетiн жасушалар, цитоплазмасында түзiндi түйiршiктерi болады. Тимоциттер пiсуiне қажет себепшарттар: тимозин, тимопоэтин, басқалар өндiрiледi. Бұлар қанға түсiп, айырша безден тыс әсерiн тигiзуге қабылеттi болатындықтан эндокриндi без ретiнде қаралады; «бағушы-жасушалар» - цитоплазмасында белсендi бөлiнудегi, жылдам өле алатын тимоциттерi болады, оларды қоршаған жасушалардан жекелеп, сұрыптауына қатысады; тамырлану алды жасушалар - өсiндiлерiмен қылтамырларды қоршап алады, осы затта ғана болатын, пiсiп келе жатқан тимоциттерге қан айналымындағы тегiжат әсерiнен сақтайтын, айырша без (гемато-тимусты) тосқауылын түзедi.

Тосқауыл құрамына (85 сурет): қылтамыр эндотелийi, қылтамыр негiзгi жарғағы, қылтамыр айналасындағы бос орын (талшықтар, жебiр жасушалар), эпителийлi-ретикулин жасушаларының негiзгi жарғағы және олардың десмосомамен байланысқан цитоплазмасы кiредi.

Милы зат (medulla) қыртыстыдан ақшыл, ұсақ жетiлген тимоциттерінің саны аз, айырша безден шығатын кортикостериодтарды сезiнбейдi, мұнда иммунды жүйе шеткi ағзаларының Т-тәуелдi аймақтары орналасады.

Эпителий жасушалары - қыртысты затқа қарағанда iрiрек, саны көп болады, кейбiр жерлерде олар жайпақталып, мүйiзденiп, қабаттары бiр-бiрiне центрлес қаланып - эпителийлi денешiк (Гассаль) қабаттарын құрады. Оның диаметрi 100 мкм, одан да көп (84 суреттi қара) болады, көлемi, саны күйзелу үстінде және жас өскен сайын айтарлықтай өзгерiп тұрады. Солтүстiк бұғы айырша безiнiң салмағы ұрықтық кезең соңынан жыныстық пiсуге дейiн 15,5-55 грамм (И.С. Решетников), тышқанда 10-70 мг дейiн өседi. Одан кейiн ағза бөлiгi кемуiнiң үдемелiлiгi байқалады, оны-жастың керi дамуы деп атайды. Басты өзгерiстер бездiң қыртысты бөлiгiнде өтедi, онда лимфоциттер саны азаяды. Ондай бөлiктер бүрiсiп, iшiнде эпителийдің, бағаналы жасушалар, Гассаль денешiктерi, жебiр жасуша лар пайда болады. Бөлiк аралық дәнекер ұлпаның қабатшалары талшықтанып, iшiнде май жасушаларының саны артады. Жастың керi дамуының ұзақтығы жануар лар түрiне байланысты көрiнедi.

Әртүрлi сыртқы және iшкi күштi ықпал әсерiнен (ауыр жарақаттар, сәулендiру, өзiн уыттандыру, ашығу, кенеттi жұқпалы аурулар, маусымдық өзгерiстер, қанда глюкокорти коидты гормондардың күрт көбеюi) айырша безде жылдам кездейсоқ керi даму жүруi мүмкiн. Лимфоциттер бездің қыртысты бөлiгiнен қанға қарқынды ауып, ағзада жаппай өледi. Кездейсоқ керi даму қайтымды процес.

 

 

Құстың бiтеу (клоака, фабрициев) қабы

Бiтеу қап (bursa cloacalis) құсқа тән лимфоэпителийлi және қуысты ағза. Кiлегейлi қабығының бiрiншi, екiншi қатпары ағза қуысына шығып тұрады. Көп қатарлы призма тәрiздi эпителиймен жабылған қатпарларында бiр-бiрiне тығыз жанасқан көптеген лимфа түйiндерi (nodus lymphaticus) болады. Лимфа түйiндерi қыртысты, милы заттардан тұрады (86 сурет). Ақшыл милы затта ұзынша, өсiндiлi эпителий жасушалары байқалады, араларында iрi, орташа лимфоциттер орналасады. Қыртысты затта ұсақ лимфоциттер көп шоғырланады.

Фабрициев қабы-иммунологиялық қорғаныштың орталық ағзасы. Онда В-лимфоциттер дамиды.