Ас қорыту жолындағы лимфалық құрылымдар. Көкбауыр


Ас қорыту жолының кiлегейлi қабығындағы дәнекер ұлпа қабатында лимфоидты элементтер, шашыраңқы лимфоидты ұлпа, жеке фолликула, оның шоғырлары орналасады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ шекарасындағы кiлегейлi қабықта орналасқан iрi лимфа фолликулаларын - бадамша деп атайды. Ол орналасқан жерiне орай-таңдай, тiл, жұтқыншақ және көмей қақпашығы жанындағы (шошқада ғана) деп бөлiнедi. Бәрi қосылып, жұтқыншақты лимфоидты сақина құрады (89 сурет).

Iшектің кiлегейлi қабығындағы лимфоидты фолликулалар және фолликула аралық лимфоидты шашыраңқы ұлпа - пейер түйiндағы деп аталады. Олар өте жиi мықын, бүйен және жиек (қарта) iшектерде кездеседi.

 

Көкбауыр (splen, lien) - дара ағза, iш қуысы қарынның үлкен иiнiнде, күйiс қайыратындар-месқарынында орналасады. Ол қан тамырларының жолында орналасатын иммунды жүйенiң шеткi және ең iрi ағзасы. Көкбауырдың басты қызметтерi: гуморальдiк және жасушалық төтеме лiлiкке (иммунитет) қалыптасуы, қан айналымындағы тегiжаттар кiдiруiне қатысады; қан жасушаларын, әсiресе эритроциттердi өлтiрiп («эритроцит тер моласы»), ыдырау өнiмдерiнiң (темiр, белоктар) организмде қайта пайдаланылуы; қан қоймасы (жылқы, жыртқыш, күйiс қайырушылар, шошқа); қан өндiрушi ағза (ұрық даму кезеңде эритроциттердi, организмде түйiршiксiз лейкоциттердi, кемiргiштерде-барлық қан жасушаларын түзедi).

Сүтқоректiлер көк бауырының атқаратын қызметiне байланысты - қорғаныш, иммундау (адамға, қоянға тән) және қан қоймасы (барлық ауылшаруашылық малдарына, әсiресе жылқыға тән) болып, екiге бөлiнедi.

Көкбауырдың микроскопиялық құрылысы. Ол - үлпершектi ағза, бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушалары бар тығыз дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен, сырты сiрнелi қабықпен жабылған. Бұл қабықшадан ағза iшiне бiр-бiрiмен жалғасқан перделiктер өтедi. Перделiктер араларындағы торлы ұлпадан тұратын бөлiктi-жұмсақ ұлпа (пульпа-pulpa) деп атайды. Ол ағзаның үлпершегi (паренхимасы) болып келедi. Әртүрлi қызмет атқаратын жұмсақ ұлпаны - ақ (alba) және қызыл (rubra) деп, екiге бөледi (90 сурет). Боялмаған препаратта ақ жұмсақ ұлпа көкбауырдың бойында бытырап орналасқан ақшыл-сұр домалақ, сопақша құрылым (түйiншек) ретiнде көрiнедi. Түйiншектің саны жануарларда әртүрлi болады. Iрi қара малдың көкбауырында оның саны көп, әрi қызыл жұмсақ ұлпадан айқын бөлiнедi. Жылқы, шошқа көкбауырында түйiншек саны аз болады.

Ақ жұмсақ ұлпа лимфоид ұлпасынан тұрып, қызылтамырдың жолында орналасады, қызылтамыр алды (пери) лимфалық қынапты, жиектiк (маргинальдi) аймақты, лимфа түйiншегiн қосады. Ол қаннан тегiжаттарды ұстап, лимфоциттердiң тегiжатпен, танитын тегiжат жасушаларымен және бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасауын, тәуелдi тегiжаттың жаңадан түзiлiп, өсуi және жетiлуiнiң бастапқы кезеңiн қамтамасыз етедi.

Лимфа түйiншегi (фолликула, мальпигиев денешiгi) құрылысы, қызметi жағынан лимфа түйiнiндегi құрылымдардай. Көкбауырдың В-тәуелдi аймағы болып келедi.

Қызылтамыр алды (пери) лимфалық қынапты орталық қызылтамырлар қоршап жатады. Лимфоидты ұлпаның цилиндр тәрiздi тығыз шоғыры, онда лимфоцит, жебiр жасушалар, ретикулин, тегiжат танитын жасушалар болады. Көкбауырдың Т-тәуелдi аймағы болып саналады.

Жиектiк (маргинальдi) аймақ жұқа қабат түзiп, ақ, қызыл жұмсақ ұлпа шекарасында, жиектiк қуысқа жақын орналасады. Онда лимфоциттер (көбiнесе В-жасушалар), ретикулин, жебiр жасушалар болады. Аймақтың сыртқы бөлiгiнде қызыл жұмсақ ұлпаға пiсу үшiн ауып келген жетiлмеген плазматикалық жасушалар жиналады. Көкбауыр ақ жұмсақ ұлпасына Т- және В- жасушалар, жебiр жасушалар ұстаған тегiжаттар түсетiн алғашқы аймақ.

Қызыл жұмсақ ұлпа көкбауыр көлемiнiң 75%, көктамыр қойнауынан, көкбауыр немесе жұмсақ ұлпа желiнен тұрып, қанның жетiлген жасушалары ның қоймасы болады, күнi жеткен, бүлiнген эритроциттер күйiн бақылайды, бөгде заттардың қарбуын, лимфоид ты жасушалардың пiсуiн iске асырады, моноциттердi жебiр жасушаларға айналдырады.

Көктамыр қойнауы - жұқа жалғамалы тамырлар, диаметрi 12-50 мкм, пiшiнi дұрыс емес, қызыл ұлпаның негiзгi бөлiгiн құрады, ерекше ұршық тәрiздi (немесе таяқ сияқты) эндотелий жасушаларымен төселген, араларында тар саңылаулары бар, олар арқылы қуыс кеңiстiгiне қоршалған желiден қан жасушалары ауады. Жасушалар сыртында шеңберлi орналасқан ретикулин жасушалары, талшықтарының өсiндiлерi жатады, кейбiр бөлiктерде негiзгi жарғақ кездеседi. Әр жануарлар көкбауырының көктамыр саны бiрдей болмайды. Олар қоянда, теңiз шошқасында, итте көп, ал мысық, iрi және ұсақ малда аз болады.

Көкбауыр желi-қан жасушаларының шоғыры, олармен бiрге ретикулин ұлпасының iлмегiндегi қойнау арасында жатқан, мұнда тұрақты ауып келетiн жебiр және плазматикалық жасушалар болады. Күнi жеткен, бүлiнген қан жасушалары қарбыланады, көкбауырдағы эритроциттердің қатты бүлiнуi қаназдық (анемия) дамуына жеткiзедi.


Көкбауыр күрделi құрылысын, атқарылатын жан-жақты қызметiн, оның қанайналым ерекшелiктерi көрсете алады (91 сурет). Ағза қақпасына көкбауыр қызылтамыры кiрiп, тармақтары перделiктерге өтедi (перделiк қызылтамырлар), одан кейiн жұмсақ ұлпаға (жұмсақ ұлпаның қызылтамыры) барады. Жұмсақ ұлпада мұндай қызылтамыр адвентициясы лимфоидты ұлпаның қабығына ауысып, ондағы қызылтамыр-орталық деп аталады. Ол-ұсақ, бұлшық еттi, ақ жұмсақ ұлпада қылтамырлар тәрiздi бүйiр тармақтарын берiп, лимфоидты ұлпаны жабдықтап, жиектiк аймақта аяқталады. Орталық қызылтамыр шеткi жағында лимфоидты қабықты жоғалтып, қызыл жұмсақ ұлпаға енiп, 2-6 шашақты қызылтамыршаларға бөлiнiп, эллипс немесе гильза тәрiздi қылтамырларға (ондағы ретикулин ұлпалары, лимфоциттер, жебiр жасушалардан тұратын эллипс немесе гильзамен қоршалады) ауысады. Кейiнгiлер қанды тiкелей көктамыр қойнауына (жабық қанайналым) немесе олардың арасына - қызыл жұмсақ ұлпа желiне (ашық қанайналым) төгедi, одан кейiн қан көктамыр қойнауына, содан соң жұмсақ ұлпа, перделiк көктамырға түсiп, көкбауыр көктамырында жиналады.