Гипофиз


Гипофиз (hypophysis) - iшкi секреция бездерiнiң белсендiлiгiн реттейді, гипоталамустың iрi жасушалы ядролары гормондарын бөлетiн орын болып келедi. Ол ұрықтық дамуында құрылымы мен қызметi әртүрлi екi бөлiктен: аралық ми өсiндiсi болатын - нейрогипофизден (neurohypophysis) және жетекшi ұлпасы эпителий болып келетiн–аденогипофизден (adenohypophys is) тұрады.

Аденогипофиз аса iрi-алдыңғы бөлiкке (lobus anterior), енсiз–аралық (pars intermedia) және нашар дамыған–туберальдi (pars tuberalis) бөлшектерге (95 сурет) бөлiнедi.

Гипофиз тығыз талшықты ұлпалар қапшығымен жабылған. Стромасы борпылдақ дәнекер ұлпалардың жұқа қабатынан тұрады. Ол ретикулиннің талшықтар торымен байланысып, аденогипофиздегi эпителий жасушалары мен ұсақ тамырлардың желiлерiн қоршайды.

Гипофиздің алдыңғы бөлiгі қойнаудың қылтамырлар жүйесiмен тығыз байланысқан аденоциттер желiлерiнің жалғамаларынан құралған. Олардың пiшiнi сопақшадан көп бұрыштыға дейiн өзгеріп, цитоплазмаларының боялу ерекшелiктерiне қарай - хромофильдi (chromophilica, қарқынды боялу) және хромофобты (chromophobica, бояғыштарды нашар қабылдайтын) болып (96 сурет) бөлiнедi.

Хромофильдi аденоциттер түзiндi аппаратының дамуымен және цитоплазмасында гормондар (97 сурет) сақтайтын секреттiк түйiршiктердің жақсы жиналуымен сипатталады. Түйіршіктер боялуын және көлемiнiң ұқсастығын электронды микроскопта зерделеп, хромофильді аденоциттерді-ацидофильдi және базофильдi деп бөледі.

Ацидофильдер (acidophilica) - ұсақ және домалақ жасушалар, тұрақты қосындылары жақсы дамыған, iрi түйiршiктерi болады. Ацидофильдер-самототропты (организм бойының қауырт өсуiне ықпал ететiн), лактотропты (сүт безiнің дамуына қатысып, сүт шығаруға жағдай жасайтын-пролактин), қыртыстық (кортикотропты, бүйрекүстi без қыртысы гормон құру қызметiн көтередi) гормондар бөледi.

Базофильдер (basophilica) - ацидофильдерден iрi, бiрақ түйiршiктерi ұсақ және саны аз болады. Оларды гонадотропты (жыныс бездерi), тиротропты, қыртыстық (кортикотропты) деп, үш түрге бөледi.


Гонадотропты базофильдер аналық бездегi фолликулалар және аталық жыныс жасушаларының өсуiне жағдай жасайтын - фолликулаларды ширату гормонын; жыныс гормондары бөлiнуiне мүмкiндiк туғызатын, овуляция (ovulatio) дамуын және сары дене (corpus luteum) қалыптастыратын-лютеиндейтiн гормондарды өндiредi.

Тиротропты базофильдер болса, тироциттер белсендiлiгiн күшейтетiн тиротропты гормондар, ал кортикотропты - бүйрекүстi қыртысының белсендiлiгiне түрткi салатын адренокортикотропты гормондар өндiредi, iрi проопиомеланокортин молекулаларының ажырату өнiмi болып келедi. Бұл молекулалар: меланоциттердi белсендiретiн - меланоцит ширату, май алмасуына түрткi салатын - липотропты гормондар құрады.

Хромофобты аденоциттер әр тектi жасушалар тобы, құрамында: секреттi түйiршiктер шыққаннан кейiнгi: хромо-, базо-, ацидофильдерге ауысуға қабілеттi-нашар жетiлген түзушi элементтер және секреттi емес, пiшiнi жұлдыз тәрiздi, өсiндiлерiмен секреттi жасушаларды қоршап алатын, ұсақ фолликулалар құрылымын төсейтiн - фолликулалы-жұлдызша жасушалар болады.

Аденогипофиз аралық бөлiгi нашар дамыған, енсiз үзiлмелi базофильдi, хромофобты жасушалар желiнен тұрып, меланоцит ширату, липотропты гормондар бөледi.

Туберальдi бөлшектiң құрылысы аралық бөлiкке ұқсас, жұқа тармақ тәрiздi гипофиз аяқшасын жауып, одан енсiз дәнекер ұлпа қабатымен бөлiнедi. Ол хромофобты және хромофильдi жасушалар желiнен тұрады.

Нейрогипофиз (артқы бөлiк-lobus posterior) нейроглиядан, жасушалар-питуициттерден (өсiндiлi глиалық жасушалар, үш өлшемдегi тор құрады, нейросекреттiк жасушаларының аксондары мен терминалдарын қапсыра құшақтайды, ұстап тұру, қоректiк қызметтердi орындайды, нейросекрет бөлу процесiне әсер етуi мүмкiн) түзiлген. Гипоталамустың супраоптикалық, паравентрикулярлық ядроларындағы нейросекреттi жасушаларда пайда болған нейросекрет, оның өсiндiлерi және соңдары (терминалдары) арқылы, құрамындағы антидиурездiк (вазопрессин) және окситоцин гормондарын тасымалдап, қанға бөледi. Өсiндi жолындағы кеңейген бөлiмдер, соңғы (терминал) аймақ нейросекрет денешiктерiнiң қоры (Херринг денешiгi) деп аталатынын жоғарыда баяндадық, ол фенестрлi қылтамырмен байланыста болады. Сондықтан нейрогипофиз гипоталамуспен тығыз байланысады да, бiрыңғай гипоталамонейрогипофиздi жүйенi құрады.