Эпифиз


Эпифиз (томпақ без және мидың үстiңгi қосалқысы-epiphysis cerebri) - нейроэндокриндi ағза, ақпаратты жүйке және эндокриндi жүйелерден алып, олар онда бiрiгiп, эпифиздің жасушалары - пинеалоциттер (pinealocyti) белсендiлiгiн реттейдi. Омыртқалыларда ол төменгiлерге тән сәуле (фото) қабылдағыш қызметiн жоғалтып, организмдегi циклдық процестi реттей отырып, гормондар арқылы, әсiресе ұрпақтандыру жүйесiнiң әрекеттерiн реттеудi сақтайды.

Эпифиз жұқа қапшықпен (capsula) жабылған, одан тамырлар және жүйке талшықтары бар көптеген пердешелер өтiп, ағзаны бөлiкшелерге (98 сурет) бөледi. Бөлiкше үлпершегi жасушалар желiсi, топтары жалғамаларынан, екi түрлi жасушалар-пинеалоциттер, iшкi жасушадан (интерстициальдi) құралған фолликулалардан тұрады. Стромада тығыз қабатты құрылымдар - милы құмдар байқалады.

Пинеалоциттер пiшiнi ұзынша, ядросы домалақ, ядрошықтары iрi, жиi қатпарлы, цитоплазмасында тұрақты қосындылармен, әсiресе iшiнде қызметi әлі анықталмаған ерекше - түйiспелi бауы, оның көптеген ұзын өсiндiлерi, тұрақсыз қосындылары болады. Бұл пинеалоциттер бiр-бiрiмен саңылаулы және десмосома түрлер арқылы байланысады, оның өсiндiлерiнiң ұштары түйреуiш тәрiздi кеңейедi, онда көпiршiктер сақтайды, сөйтіп фенестрлi қылтамырларда аяқталады.

Пинеалоциттер екi түрлi заттар: индоламин және пептидтерді өндiредi.

Индоламиндер - меланоцит ширату гормонының қарсыласы-мелатонин гормонын бөлiп, гонадолиберин бөлiнуiн тежейдi, кейiнгi жыныс бездерiнiң белсендiлiгiн төмендетедi.

Пептидтер iшiндегi ең мәңдi гормондар қатарына фолликулалар ширату, лютеиндеушi гормон бөлiнуiн тежейтiн аргинин-вазотоцин және пинеалды антигонадотропты пептидтер, әрi кейбiр либериндер, статиндер жатады.

Интерстициальдi жасушалар - ұзын өсiндiлi, өсiндiлердi пинеалоциттер толық қоршамайды, бұл өсiндiлер қылтамырлар арасындағы кеңiстiктерге өтедi. Ядросы ұзынша және тығыз, цитоплазмасы орташа дамыған тұрақты қосындыларды және қалың филаменттердi сақтайды. Үлпершектiң 5% осы жасушалар құрады, олар өзгертiлген астроциттер болып есептеледi, тiректiк қызмет атқарады.

Милы құм - әртүрлi мөлшердегi қабатша құрылым, фосфат және кальций карбонатынан тұратын кристаллдар. Онда магний iзi байқалады.