Құстың эндокриндi бездерi


Құстың гипофизi де аденогипофизден және нейрогипофиздан тұрады. Аденогипофиздiң құрамында аралық бөлiкше болмайды.

Тауық эпифизiнiң ұзындығы 2 мм жуық, енi 1 мм. Пiшiнi үш бұрышты пирамида тәрiздi. Жас құстардың эпифизi жақсы байқалатын, iшi коллоид тәрiздi затпен толы, көпiршiктен тұрады.

Құстың қалқанша безi екi бөлiктен тұрады. Оның бiреуi өңештiң оң жағында жемсау астында, екiншiсi-кеңiрдектiң сол жағында орналасады.

Қалқанша маңындағы безде екеу болып келедi. Бірақ, онда оксифильдi жасушалар болмайды. Бездің жасушалары жасқа және маусым кезеңдерiне орай, өзгерiп отырады.

Бүйрекүстi бездiң дәнекер ұлпадан тұратын қабығы болмайды, әрi ол қыртысты және милық заттарға бөлiнбейдi. Оның үлпершегiнде жүйке жасушалары болмайды.