Нағыз терi (дерма-dermis). Терiасты негiзi-өңасты ұлпа (гиподерма)


Нағыз терi (corium) - дәнекер ұлпаның бөлiгi, негiзгi құрамдас бөлiгiн коллаген, эластин талшықтары, жасушалар (фибробласт-фиброциттер, жебiр жасуша, ұлпа базофилi, липоциттер, плазмоциттер), гликозаминогликандар сақтайтын аморфты заттар құрып, эпидермистi қоректендiрiп, берiктiк берiп, оның туындыларын сақтайды. Нағыз терi орналасуына, құрылысына және қызмет ерекшелiктерiне сәйкес екi - емiзiктi және торлы қабаттарға бөлiнедi.

Емiзiктi қабат (stratum papillare) эпидермис астында, оның иректерi арасында орналасады. Бұл қабат терiнің түксiз бөлiгiнде, түктерi сирек орналасатын жерiнде (шошқа қылы) байқалады. Жүнi қалың жабында (қой жүнi) организмге механикалық және басқа әсерлер түк арқылы өтедi. Мұндай терiнің эпидермисi жұқа, ал нағыз терiмен байланысқан жерi тегiс болады, емiзiктері байқалмайды. Себебi, бұл қабатта түк тамырлары орналасады, қойда бұл қабат пилярлы деп аталады. Ол борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, онда өте көп жасушалар, қоректiк қызмет атқаратын аморфты заттар болады. Емiзiктi қабаттың дәнекер ұлпасында, әсiресе сезгiштiгi жоғары терi бөлiгiнде (ерiн терiсi, шошқа тұмсығы, сүт безi) көптеген сезгiш жүйкенің ұштары дамып, орналасады. Олардың iшiнде ерiктi ұшы көп кездесіп, онда жылу, ауырсыну қабылдағыштары, механорецепторлар болады. Сондықтан нағыз терi емiзiктi қабатының басты қызметiнiң бiрi-қабылдағыштық болып келедi.

Торлы қабат (stratum reticulare) нағыз терiнің емiзiктi қабатынан терең орналасады, тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер ұлпадан тұрып, терi берiктiгiн қамтамасыз етедi. Терi-жабынның арқа тұс аумағындағы (арқа, iрi мал сауыры-iрi қара, жылқы) терi өте аз созылады, ондағы коллаген будалары реттелген ромба тәрiздi болып өрiледi. Дененiң iшкерi жағында терi қатты созылатындықтан (азық қабылдау, тыныс алу, буаздық) коллаген будалары жұқа болып, негiзiнен көлденең орналасады. Дерма торлы қабатының микроскоптық құрылысында елеулi табиғи өзгешелiктер табылған. Мысалы, қылшық жүндi роман қойында қалыңдығы едәуiр коллаген талшықтарының шоғыры, күрделi өрiлiмдерi табылған. Биязы жүндi қойда коллаген шоғырлары көлденең бағытталып, болбыр орналасып, жұқа болып келедi. Коллаген шоғырлары сыртында эластин талшықтарының торы қалыптасады, олардың бағыты коллагендегiдей болады.

Өңасты ұлпа (tela subcutanea, немесе теріасты негізі, гиподерма) - дәнекер ұлпаны терең орналасқан еркiн қозғалыс ағзаларымен (бұлшықет, сүйек) байланыстыратын қабат. Терi-жабынның нашар қозғалатын сүйекүстi бөлiмшелерiнде коллаген талшықтары, шоғырлары терiнi сүйек қабығымен тығыз байлап тастайды. Терiасты негiзiнде май жасушалары (бөлiк тәрiздi) жиналады, сондықтан бұл қабат қалыңдығы жағынан терiнiң басқа қабаттарынан басым болады (шошқа терiасты негiзi).

Терiнің май шелi организмнің май қоры болып, жылу бөлудi азайтып, организм бөлiктерiн қолайсыз температуралар әсерiнен қорғайды. Сондықтан бұл шел, әсiресе теңiз жануарларында (наhанда (кит), ескекаяқтыларда) қатты дамыған. Бұл терінің қабаты организмдi соққыдан, ұрудан және басқа механикалық әсерлерден қорғаудағы (амортизациялық қызметi) маңызы зор. Онда көлденең жолақты бұлшық еттің шоғырлары кездеседi, қажеттi жағдайларда олар жиырылып, жануарларға шыбын-шiркейлердi қууға мүмкiндiк бередi.