Тұяқ, тұяқша, тырнақ, мүйiз


Тұяқ (ungula) - терi-жабынының арнайы бөлiмшесi. Еттi және мүйiздi тұяқты ажыратады.

Еттi тұяқ нағыз терiмен терi эпидермисiнiң түлемейтiн қабатына тең. Оның әр бөлiмiнiң морфологиялық құрылысы түрлiше болатындықтан, ол мүйiздi тұяқтың әр бөлiгiнiң құрылым ерекшелiгiмен айқындалады. Еттi тұяқ нағыз терiсiнiң тұяқ көбесi, күлтесiнде көптеген дәнекер ұлпа емiзiктерi болады, олардың ұзындығы көбе аймағында 1-2 мм, ал күлтесiнде 0,5 см жетедi. Еттi тұяқ бүйiрiнде нағыз терi жұқа тiк бағытталған жапырақшалар жүйесiн (105 сурет) құрады. Тұяқ нағыз терiсiн жабатын эпителий қабаты мүйiздену процесiнде мүйiздi жапырақшаларды қалыптастырады, ол тұяқ қабырғасының арнайы бедерiне тең келедi.

Мүйiздi тұяқ бүйiр қабырғасының көлденең бағытталған кесiндiсiнде үш аймақ: тұяқ сыртындағы жылтыр қабат (глазурь), қорғаныш қабат және жапырақша мүйiз (106 сурет) айқын анықталады.

Глазурь жайпақ нашар түлейтiн жасушалардан тұрады, ол тұяқ көбесi эпидермисiнiң өнiмi. Жетiлген жануарларда бұл қабат болмайды.

Қорғаныш қабат параллель орналасқан, күлтеден мүйiздi тұяққа дейiн құрылымсыз аралық мүйiзбен бiрiккен мүйiздi түтiкшелер.

Мүйiздi тұяқтың ең терең қабатын мүйiздi жапырақшалар түзедi. Олар еттi тұяқ қабырғасындағы эпидермистiң мүйiздену процесiнде құралады.

Мүйiздi табан, тұяқ жүрекшесi мүйiздi түтiктерден тұрады, олардың шығу тегi, құрылымы түтiктi мүйiз қабырғасына тең.

Тұяқша - құрылысы терi сияқты, бiрақ өз ерекшелiгi бар.

Тұяқ көбесi эпидермистен, нағыз терiден және гиподермадан тұрады. Ерекшелiгi сол, ондағы мүйiздi қабат көлбеу орналасады, ол өсiп, тұяқшамен төмен түсiп глазурь құрады. Нағыз терiде емiзiкшелерi биiк, төмен түскен. Бұл мүйiздің өсу бағытын, оның түрiн айқындайды. Қан тамырлары көп болады. Гиподерма нашар дамыған, саусақ сүйек қабығына ауысады.

Күлте (тұяқ жұлығы) эпидермистен, нағыз терiден, гиподермадан тұрады. Ерекшелiгi сол, эпидермистiң өсу қабаты бiрден мүйiздi қабатқа ауысып, өте қалың болады. Нағыз терi емiзiгi ұзын, сирек орналасады, қатты төмен иiледi. Сондықтан эпидермис түтiк мүйiз құрады, ол төмен өсiп, тұяқша қабырғасын жабады.

Түтiк мүйiз өте берiк, мүйiздi түтiкшелерден тұрады, онда жасушалар бiр-бiрiне тығыз жанасады. Түтiкшелер аралық мүйiзбен тығыз байланысып, бояутектенедi.


Тұяқша қабырғасы эпидермистен және нағыз терiден тұрады.

Эпидермисте өсу, мүйiздi қабаттар жақсы дамыған.

Нағыз терiде емiзiкшелер бiрiгiп, ұзын белдеу тәрiздi жапырақшалар құрады. Жапырақшалар жоғарыдан төмен бағытталып, пiшiнi эпидермис бедерiн айқындайды. Сондықтан мүйiздi қабат пiшiнi де жапырақшаға ұқсас болғандықтан, ол жапырақша мүйiз құрады. Нағыз терiнiң торлы қабатын тамырлы деп атайды. Себебi онда тамырлар мол дамиды, әрi тұяқша сүйегiнiң қабығына ауысады.

Табан эпидермистен және нағыз терiден тұрады. Эпидермис түтiк мүйiздi құрады. Нағыз терi тұяқша сүйегiнiң қабығына ауысады. Оның құрылысы өте күрделi болады. Қабырғасы үш қабаттан: ең беткi жұқа қабаты, ол глазурь-жылдам бұзылады; ортаңғы қабаты ең қалың, берiк, ол түтiкті мүйiз; iшкi қабатта бояутек болмайды-жапырақша мүйiз. Табан қабырғасының қабаттарын тұяқшаны тазартқанда көруге болады.

Тырнақ құрамына тырнақ башпайы, терi дермасы және мүйiз қаптамасы кiредi. Тырнақ башпайының сүйек қабығы терi дермасымен тығыз бiтiскен. Тырнақ күлтесiнiң жоғарғы, iшкерi бөлiмдерiнде нашар дамыған емiзiктерi, бүйiр бөлiмшелерiнде-қалдық жапырақшалары болады. Мүйiз қаптамасы түлемейтiн эпителий жасушаларынан тұратын негiздiк қабаттан, түлейтiн жайпақ жасушалары бар, ең қалың жерi тырнақтың жоғарғы бөлiгiне жететiн қалың қабаттан тұрады.

Мүйiз негiзiн сүйек қабығымен жабылып, терi дермасымен тығыз бiтiскен маңдай сүйегiнiң шығыңқы жерi және қатты мүйiздi қабат құратын эпидермис-мүйiздi қаптамасы құрады. Мүйiздiң түбiрi, денесi, ұшы болады. Ол эпидермистен, нағыз терiден тұрады. Мүйiз эпидермисiнiң өсу қабаты–эпикерас-нағыз терiмен мүйiз түбiрiнiң мүйiздi қап арасында орналасады. Эпикерасты мүйiзсiздендiруде алып тастаса, мүйiздiң қайта қалпына келуi жүрмейдi.