Сұрақтар


1.       Терiнiң қандай қабаттары болады, олар қандай ұлпалардан түзiледi?

2.       Эпидермис, нағыз терi және гиподерманың даму көздерiн атау керек.

3.       Эпидермистiң қайтадан қалпына келуiне қандай жасушалар қатысады?

4.       Мүйiзделу үрдiсiнде эпидермистiң қандай жасушалары өзгерiске түседi?

5.       Терiнiң атқаратын қызметтерi қандай?

6.       Терi туындыларын атаңыз.

7.       Түбiт жүндердiң қылшық жүндерден айырмашылығы неде?

8.       Екiншi шаш түйiншiктерiнiң бiрiншi түрiнен айырмашылығы неде?

9.       Шаш түйiншегi қабырғасының құрылысын түсiндiрiп, тамыр қынабын не түзетiнiн сипатта.

10.  Шаш бөлiктерiн атап, оның қай бөлiмдерi терiнiң сыртына шығатынын, ал қайсысы оның қалың жерiнде орналасатынын көрсет.

11.  Шаш буылтығының түрiне қарап, оның қайсысы қылқанды немесе түбiт шаштарына жататынын анықта. Қай шаштың буылтығы терiнiң қалың жерiнде, ал қайсысы оның жоғары бетiнде орналасады?

12.  Тер безі соңғы бөлiмiнiң май безi ацинусiнен айырмашылығы неде екенiн түсiндiру керек.

13.  Тер бездерiн қандай белгiлерiне қарап, мерокриндi және апокриндi деп бөледi?

14.  Терiнiң қандай бездерi голокриндi түрмен секрет бөледi, оның арнайы морфологиялық белгiлерi бар ма?