Жұтқыншақ


Жұтқыншақ (pharynx) - ас қорыту жолының ағзасы, онда тыныс алу мен ас қорыту жолдары айқасады, онымен қатар ауыз қуысын өңешпен және мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады.

Қабырғасы кiлегейлi, бұлшық еттi, адвентиция қабықтарынан тұрады.

Кiлегейлі қабықты эпителий, меншiктi тақташа және кiлегейасты негiз құрады.

Эпителий мұрын бөлiмiн бiр қабатты көп қатарлы, ауыз бен көмекейдi - көпқабатты жайпақ түлемейтiн түрiмен төсейдi.

Меншiктi тақташа борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан түзiлiп, мұрын бөлiмiнде жеке лимфа түйiншелерiн, ал ауызбен көмекейде ұсақ бүртiктер құрып, эластин талшықтарын сақтайды.

Кiлегейасты негiз борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, оның мұрын бөлiмi түтiкше тәрiздi, жұтқыншақ бадамшалары лимфоидтi ұлпасын, аралас без соңғы бөлiмдерiн, ал ауыз және көмекей-эластин талшықтары торын, кiлегейлi без соңғы бөлiмдерiн сақтайды.

Бұлшық еттi қабық iшкi ұзына бойы, сыртқы қисық немесе айнала орналасқан көлденең жолақты бұлшық ет ұлпа қабаттарынан құралады.

Адвентиция қабығын борпылдақ талшықты ұлпа құрады.