Өңеш


Өңеш (esophagus-oesophagus) - ас қорыту жолының бөлiгi, түтiкше тәрiздi ағза, жұтқыншақты қарынмен жалғастырады және сiлекейленген азықты тасымалдайды. Орналасқан жерiне байланысты, өңеш мойын (pars cervicalis), кеуде (pars thoracica) және құрсақ (abdominalis) бөлiктерiнен тұрады. Өңеш қабырғасы: кiлегейлi, бұлшық еттi, адвентиция (мойын бөлiгi) немесе сiр (кеуде, құрсақ бөлiктерi) қабықтарынан құралған.

Кiлегейлi қабық төрт: эпителий, меншiктi және бұлшық ет тақташасы, кiлегейасты негiз қабаттарынан тұрады (119 сурет).

Эпителий қабаты - қалың, көпқабатты жайпақ түлемейтiн эпителий болып келедi.

Меншiктi тақташа (lamina propria mucosae) эпителийге биiк бүртiгiмен енетiн борпылдақ ұлпадан құралған. Ол лимфоциттер, лимфа түйiншелерi мен өңештің кардиальдi безінің соңғы бөлiмi топтарын сақтайды. Бездерi - қарапайым түтiкше тармақталған болып келедi.

Бұлшық ет тақташа (lamina muscularis mucosae) - ұзына бойында жатқан бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларының топтарынан құралған. Қарын жанында ол тұтас, ал ит пен шошқада болмайды.

Кiлегейасты негiз (tela submucosa) эластинi мол талшықты дәнекер ұлпадан құралған. Ол кiлегейлi қабықтың жылжымалылығын қамтамасыз етедi, бұлшық еттi тақташамен бiрге ұзына бойында қатпарлар түзедi. Онда лимфоциттер, лимфа түйiншелерi, кiлегейасты жүйке өрiмдерi және өңештегі көпiршiктi-түтiкшелi меншiктi бездерiнiң соңғы бөлiмдерi орналасады. Олардың ампула тәрiздi кеңейген өзектерi эпителий бетiне сiлекей шығарып, азық жылжуына мүмкiндiк туғызады, бактерияларға қарсы қолданылатын заттар-лизоцим, бикарбонат иондары сақталады. Бездердiң дамуында және орналасуында түр ерекшелiктерi байқалады: олар күйiстiлер мен жылқыда жұтқыншаққа жақын жатса, шошқада-өңеш мойын бөлiгiнде, итте-ұзына бойында кездеседi. Өңеш қабырғасының негiзгi тамырлар өрiмi осы қабатта орналасады да, одан тамырлар, оның қабаттарына және қабықтарына өтедi.

Бұлшық еттi қабық - iшкi айнала және сыртқы ұзына бойына сай орналасқан қабаттардан тұрады. Өңештің мойын бөлiгiнде бұл қабық көлденең жолақты болса, кейiннен бiрыңғай салалыға ауысады. Қабықтың қалыңдығы, бағыты, қабаттар саны, көлденең жолақты, бiрыңғай салалы бұлшық еттің ара қатысы жануарлардың түрiнде түрлiше болады. Ит пен күйiстiлерде қоректi жұту, шайнау ерекшелiктерiне байланысты ол толық көлденең жолақты болып келедi.

Адвентиция тек борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, ал сiр қабықты борпылдақ дәнекер ұлпа және мезотелий түзедi.

Өңеш қабырғасында үш: адвентициялы, бұлшық ет аралық, кiлегейасты жүйке өрiмдерi орналасады.