Тоқ iшек


Тоқ iшектің (intestinum crassum) қызметтері: суды, жентек электролитiн сiңiредi, нәжiстi қалыптастырады; iшек микрофлорасы белсендiлiгiнен құрылған қосындыларды, К, В витаминдерiн, клетчатка ыдырау өнiмдерiн сiңiредi; механикалық–нәжiстi организмнен шығарады; эндокриндi-iшек эпителийi гормондарын өндiрiп, жергiлiктi және жүйелi әсерлер бередi; иммунды-iшек қабырғасындағы диффузды лимфоидтi ұлпа, арнайы құрылымдар-жеке лимфа түйiндерi арқылы қамтамасыз етіледi.

Тоқ iшек - бүйен (caecum), жиек (қарта-colon), тiк (rectum) iшектердi бiрiктiредi, қабырғасы үш: кiлегейлi, бұлшық еттi және сiр қабықтарынан (123 сурет) тұрады.

Кiлегейлi қабық төрт қабаттан: эпителий, меншiктi және бұлшық еттi тақташалардан, кiлегейасты негiзден тұрады. Бетi қатпарлы, бүрлерi болмайды, iшек кiрмелерi (бездерi) ащы iшекке қарағанда терең, жиi орналасады, саңылауы кең, эпителийiнде түзушi элементтерi сақталады.


Алғашқы қабаты-бiр қабатты призма тәрiздi эпителийден тұрады, оны призма, бокал тәрiздi, жетiлмеген (аз жетiлген), эндокриндi жасушалар түзедi. Призмалық жасуша кiлегейлi қабықтың бетiнде, iшек кiрмелерiнде орналасады, биiк, енсiз, шөтке тәрiздi бүрлерi нашар дамыған және сiңiру процесiн қамтамасыз етедi. Бокал тәрiздi жасушалар iшек кiрмелерiнде, бiраз ғана кiлегейлi қабық бетiнде жатады, саны тiк iшекке жақындағанда көбейедi, сiлемей өндiредi. Кейінгі кiлегейлi қабықтың бұзылуына жол бермейдi, нәжiс өтуiн, шығуын жеңiлдетедi. Жетiлмеген жасушалар iшек кiреберiсi түбiнде жатады, iшек эпителийiнің түзiндi элементi болып келедi, бокал тәрiздi немесе призмалық жасушаларға ауысады. Эндокриндi жасушалар iшек кiреберiсi түбiнде орналасады.

Меншiктi тақташа борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады, фибробластар, лимфоцит, эозинофиль, жебiр, бағана, призма тәрiздi жасушалар сақтайды. Онда iшек кiрмелерiн қоршаған қылтамырлар, жүйке талшықтары болады. Ретикулин талшықтары қалың тор тәрiздi байқалады, онда жеке лимфа түйiндерi орналасады.

Бұлшық еттi тақташа бiрыңғай салалы бұлшық ет жасушаларынан және екi (iшкi-айнала орналасқан, сыртқы-ұзына бойы) қабаттан тұрады.

Кiлегейасты негiз саны көп эластин талшықтарынан, май ұлпаларын сақтайтын борпылдақ талшықты дәнекер ұлпадан құралған. Онда лимфа түйiндерi, кiлегейасты жүйке, көктамыр элементтерi және лимфа өрiмдерi орналасады.

Бұлшық еттi қабық бiрыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрып, екi қабат құрады. Iшкi қабат шоғыры iшектi айнала орналасады, сыртқысы-ұзына бойы жатады. Олардың арасында дәнекер ұлпаның жұқа қабаты, жүйке өрiмдерi орналасады.

Сiр қабық тоқ iшек бөлiмдерiн жабады, тiк iшектiң сыртқы бөлiгiнде ол адвентицияға ауысады. Кейбiр жануарлардың тiк iшек қабырғасында шырышты бездер, жыртқыштарда-аналь айналасы бездерi (glandula analis) жатады.